Түркістан: агросектордың дамуы – тұрғындардың жұмыспен қамтылуына үлкен септігін тигізіп отыр

Түркістан қаласында агроөнеркәсіп саласын дамыту үшін көптеген жұмыстар істелінуде. Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін және өндіретін бірнеше кәсіпорындар салынып, өңір экономикасын дамытуға өзінің сүбелі үлесін қосуда. Сонымен бірге, агросектордың дамуы – тұрғындардың жұмыспен қамтылуына үлкен септігін тигізіп отыр.

Түркістан облысы: Қазығұрт ауданында сүт-тауарлы фермасы салынбақ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен инвестициялық штаб отырысында жүгезе асатын жаңа жобалар жайлы айтылды. Инвестициялық штаб – бизнес мәселелерін жедел шешуге арналған ашық алаң.

Сауран ауданында ауыл шарушылығы мақсатында аз пайызбен несие алып, шаруасын дөңгелетіп отырғандардың саны артып келеді

Сауран ауданы құрылғалы бері әлеуметтік-экономикалық даму үстінде. Бірқатар маңызды шаралар қабылданды. Бірақ, біраз уақыттан бері шешімін таппай келе жатқан мәселелерде жоқ емес. Көнені қайта жаңғырту, тұрғындар талабын орындау, ауылдарды көркейту басты назарда. 

Түркістан қаласында 15 009 гектар жерге көшеттер егіліп, күтіп-бапталуда

Түркістан облысы әкімдігі мамандарының, экологтар мен халықаралық сарапшылардың басын қосқан жиында Түркістан өңірінің жасыл аймағын күтіп ұстау мен көлемін ұлғайту мәселесі талқыланды. Пленарлық отырыста мамандар Түркістанда тек өңірдің топырақтық – климаттық жағдайына бейімделген ағаштарды отырғызу және жаңа технологияларды енгізу, орман тұқымы аумағын қалыптастыру, тұқымбақ шаруашылығын кеңейту туралы тоқтамға келді.

Қытайлық кәсіпкерлер Жетісай ауданынан шитті мақтаны сатып алуға келісім берді

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Жетісай ауданы тұрғындарымен кездесті. Әкім халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, ел дамуындағы жаңа бағдарламалардың негізгі бағыттарын түсіндірді.

Жетісай ауданында «Ауыл аманаты» жобасы аясында төрт түлікті көбейтіп, ауыл шаруашылығына бет бұрғындардың қатары көбеюде

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстармен танысты. Жетісай ауданына жұмыс сапарымен келген өңір басшысы Жетісай тұрғындарымен кездесіп, бағдарламаның мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды. Кәсіп ашып, табыстарын арттыруға кеңес берді.

Мақтааралда салынып жатқан мақта талшығын өңдейтін зауытта жергілікті 50 тұрғын үшін жаңа жұмыс орны ашылады

Мақтаарал ауданында мақта талшығын өңдейтін зауытының құрылыс жұмыстарын бастап кетті. Алдағы уақытта зауытта 50 жергілікті тұрғын үшін жаңа жұмыс орны ашылады. Түркістан облысында өңдеу өнеркәсібі саласында иірілген жіптер, маталар мен кілемдер өндірісі, тоқыма кластерінің бірлескен кәсіпорындарын құру мүмкіндігі зор. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Мақтаарал ауданының тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді.

Отырар ауданы: «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы агроөнеркәсіп кешені саласының мамандары да жұмысқа орналаса алады

2010 жылдан бері күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан «Дипломмен ауылға» бағдарламасының жұмыссыз жастарға тигізген пайдасы орасан. Жоба мақсаты - ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге келген жастарға жағдай жасап, оларға көмек беру болатын.

FINGRAMOTA.KZ - ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ БОЙЫНША ЖАЛҒЫЗ СЕНІМДІ ЖӘНЕ РЕСМИ ДЕРЕККӨЗ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ

Бұл туралы бүгін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Шымкент қаласының өңірлік өкілдер басқармасы басшысы

Әбілғазы Қалназаров айтты.

Агенттік қаржылық өнімдер мен қызметтер туралы тұтынушылардың қамтылуын және хабардар болуын арттыру үшін, сонымен қатар халықтың қаржылық өнімдер мен қызметтері туралы хабардар болуын қамтамасыз ету үшін цифрлық коммуникация арналарын пайдаланады.

Атап айтқанда, интернет-портал Fingramota.kz -Қазақстандағы кең аудитория үшін қаржылық сауаттылық бойынша жалғыз сенімді және ресми дереккөз болып табылады. 2020 жылдан бастап – 2023 жылғы 1 қарашаға дейін интернет-порталда Fingramota.kz 1,6 мың бірегей және эксклюзивті материалдар жарияланған.

Сонымен қатар қаржылық сауаттылық материалдарын тарату мақсатында әлеуметтік медиа ресурстары кеңінен пайдаланылады. Атап айтқанда, Facebook, Instagram, Telegram. Одан бөлек, Fingramota ресми аккаунттарында 3,2 млн астам қаралымды қамтитын 5,6 мың пост орналастырылды.

2023 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі кезеңде барлығы 200 мың қаралымды қамтитын 152 тікелей эфир өткізілген.

Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және қаржы нарығын реттеу агенттік қызметінің негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.

Осы басымдықты іске асыру мақсатында 2020 жылғы мамырда Үкіметтің қаулысымен халықтың қаржылық сауаттылығын арттырудың 2024 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды.

Тұжырымдама келесі негізгі бағыттарды қарастырады:

1) байланыс арналары, оның ішінде цифрлық арналар арқылы қаржылық өнімдер туралы тұтынушылардың хабардарлығын арттыру;

2) халықтың нысаналы топтарына қаржылық білім беруді арттыру;

3) қаржылық инклюзияны дамыту;

4) қаржылық сауаттылық деңгейін мониторингтеу және жыл сайынғы бағалау.

«Агенттік әрбір нысаналы топқа яғни балалар, жастар, ересек тұрғындарға нүктелік назар аудара отырып, қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеп, оқушыларға, студенттерге және ересек тұрғындарға қаржылық сауаттылық бойынша оқыту іс-шараларын өткізудің бірыңғай жоспары әзірленді.

Мемлекеттік органдармен бірлесе, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру саласында бірыңғай ақпараттық саясатты ұйымдастыру үшін

2022 - 2024 жылдар кезеңіне Қазақстан Республикасының барлық облыстары мен Республикалық маңызы бар қалаларында халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі Медиа-жоспар іске асырылады»,-деді Әбілғазы Қалназаров.

Сондай-ақ, «Fingramotalline» мобильді қосымшасын пайдаланушылар 7/24 режимінде қызықтыратын мәселелер бойынша кеңес ала алады. "Fingramotalline" мобильді қосымшасы іске қосылған сәттен бастап мессенджерге азаматтардан 6,9 мың сұрақ келіп түскен және өңделген.

Азаматтар ұялы телефоннан "1459" қысқа нөміріне тегін қоңырау шалу арқылы жедел түрде кеңес ала алатын Агенттіктің сall-орталығы. Call-орталықты іске қосқан сәттен бастап, бүгінгі күнге дейін Агенттік қызметкерлері азаматтардың 39 мың қоңырауы бойынша кеңес берді.