Сауран ауданында емханалар мен медпункттердің саны артатын болады
Сауран ауданында медицина саласына ерекше көңіл бөлініп келеді. Сондай-ақ, бірнеше елдімекендерде емханалар, медпункттер салынады деп жоспарланып отыр.
Сауран ауданында медицина саласына ерекше көңіл бөлініп келеді. Сондай-ақ, бірнеше елдімекендерде емханалар, медпункттер салынады деп жоспарланып отыр.
Түркістан облысы әкімдігінде 2023-2024 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев төрағалық жасап, жүргізіп отырды.
Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы, «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы Түлкібас ауданында «Шекарасыз спорт» тақырыбында мәдени және спорттық іс-шара ұйымдастырды.
Түркістан облысында құрылыс жұмыстарының көлемі 158 млрд. теңгені құрады. Жыл басынан 410 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (12%-ға артты).
Түркістан облысында егістікті әртараптандырудың нәтижесінде 3 млн. тонна көкөніс, бақша, картоп өнімдері жиналды. Жыл соңына дейін өнім көлемін арттыру көзделген.
Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыповпен кездесті. Кездесу барысында тараптар Түркістан облысында іске асырылып жатқан жобалар мен алдағы жоспарларды талқылады деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қытай Халық Республикасынан келген кәсіпкерлермен кездесіп, бірнеше жобаны талқылады. Нәтижесінде Түркістан облысы мен Қытай тауар өндірушілері екіжақты байланысты дамытып, бірлескен жобалар ашып, тәжірибемен бөлісу бойынша Меморандумдарға қол қойды.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде жылыту маусымына дайындық жұмыстар туралы брифинг өтті. Баспасөз мәслихатында Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Орынбекұлы қысқа дайындық шаралары кестеге сай жүргізіліп жатқанын, сондай-ақ, өңірлік штабтың тұрақты бақылауында екенін мәлімдеді.
Түркістан обысында қысқы спортпен кәсіби айналысуға мүмкіндік жасалды. Облыс орталығында заманауи «Мұз сарайы» пайдалануға берілді. Спорт нысанының ашылуына Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, спорт жанашырларын құттықтады.
Облыс орталығында Түркістан облысы мен Қытай Халық Республикасы компанияларының өнімдері ұсынылған бірлескен көрмесі өтіп жатыр. Оған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен Қытайдан арнайы келген бірнеше ірі кәсіпорын басшылары қатысты. Аймаққа инвестиция тартып, жергілікті өнімдерді экспортқа шығаруды мақсат еткен іс-шарада жалпы саны 60-қа жуық тауар өндірушінің өнімдері қойылды.