Түркістан облысы: Келес өзенінің 12 жерінен су арнасын бұру жұмыстары жүргізілуде
Халықты су тасқыны мен селден қорғау шаралары Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының жіті бақылауында. Апаттың алдын алу жұмыстары өңірде тынымсыз жүргізіледі. Облыс басшысы Келес өзенінде жүргізіліп жатқан арна түзету және жаға бекіту жұмыстарын пысықтау үшін арнайы келді.