ШЫМКЕНТТТЕ ШАҒЫН НЕСИЕ АЛУҒА 300-ДЕН АСТАМ ЖАСТАН ӨТІНІШ ТҮСТІ

Жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие беру жобасы басталғалы бері қалада 300-ден астам азаматтан өтініш түскен. Бүгінгі таңға 164 тұрғын оң қорытындысын алған. Оның ішінде 129 азаматқа шағын несие беріліп, бүгінде басым көпшілігі кәсіптерін бастап кетті.

Жас кәсіпкерлердің бизнес-жоспарлары бүгін кезекті комиссия отырысында қаралды. Жиында 40 үміткердің бизнес-жобалары талқыланды. Жастардың басым көпшілігі ауыр жүк көлік тасымалы, ірі қара мал шаруашылығы, сауда-саттық дүкендерін ашу идеяларын ұсынуда.

Мемлекетік қолдау 21- 35 жас аралығындағы азаматтарға тиесілі. Жас кәсіпкерлер 5 миллион теңгеге дейінгі несиені мал шаруашылығы жобаларына – 7 жылға дейін, кәсіптің басқа түрлеріне – 5 жылға дейінгі мерзіммен ала алады. Кепілзат ретінде арнайы техника, жылжымайтын мүлік және жер учаскелері қабылданады. Кепілге қоятын мүлік болмаса, кепіл берушіні тартуға болады.

Жаңа шарттарға сәйкес, кепілді мүлік түрлерінің тізбесі де кеңейтілді. Қосымша екінші деңгейлі банк шоттарындағы қаражаты, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, аудан орталықтарында, облыстық және аудандық бағыныстағы қалаларда, сондай-ақ ауылдарда және ауылдық елді мекендерде жылжымайтын мүлік, жеке меншік құқығындағы /бастапқы ұзақ мерзімді өтеулі жер пайдалану (жалға алу) (егістік) құқығындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы, жайылымдарды суландыру және қоршау инфрақұрылымы бар және бау-бақша өсіруге арналған жер телімдері, мамандандырылған техникалар қабылданады.

Туындаған сұрақтар бойынша https://www.agrocredit.kz сайты арқылы ақпарат алуға болады.

Құжаттар «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Шымкент қаласындағы филиалында қабылданады.

Мекен-жайы: Қонаев даңғылы, 3/3

Сауран: мемлекеттік қызметтердің сапалы әрі мерзімінде көрсетілуі бойынша қоғамдық бақылау жүргізілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменттің бастамасымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында іс-шара жоспары бекітілген болатын. Осыған орай Сауран ауданы әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің бас инспекторы Ляззат Халмуратова Сауран ауданы Ескі Иқан ауылдық округінің мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізді. Аталған іс-шара барысында Сауран ауданы әкімдігінің аппараты тарапынан мемлекеттік қызметтердің сапалы әрі мерзімінде көрсетілуі жөнінде тиісті нұсқамалар берді.

Сауран: терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаевтың төрағалығымен Сауран ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы болып өтті.

Сауран: Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ескі Иқанда жаңадан салынған емхананы аралады

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпұхар Жолдасов Ескі Иқан ауыл округіндегі бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Соның бірі жаңадан салынған "AVICENNA-A" емханасы. Жобаға 2 млрд. 400 млн теңге инвестиция тартылған. Құрылтайшысы Усманкулов Адилбек. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы басталған.

Сауран ауданы бойынша 2023 жылы 5 990 азаматты жұмыспен қамту жоспарланған

Сауран ауданында жұмыспен қамту саласында ілгерілеушілік байқалады. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында, 2023 жылы Сауран ауданы бойынша 5 990 азаматты жұмыспен қамту жоспарланған.

Сауран: төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері оқушыларға қауіпсіздік сабағын өткізді

Сауран ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері Шорнақ мектебінде қауіпсіздік сабағын өткізді. Оқушылар арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыру тақырыбында өткен сабақта жер сілкінісіне қатысты арнайы дайындалған көрнекі жадынама парақшалары таратылды.

Сауран ауданында «Жер-2023» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

Сауран ауданы әкімдігінің іскерлік орталығында «Жер 2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында аудан бойынша 12 құрылым, 117 жеке құрам қызметкер мен 31 техника жұмылдырылды. Аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев пен Сауран аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау полковнигі Мұқтар Қуанышбаев алдымен оқу-жаттығу жұмыстарының жұмыс барысымен және техникалардың ахуалымен танысты.

Сауран ауданында нашақорлықпен күрес айлығы бастау алды

Сауран ауданы әкімі Ғалымжан Үсенбаев пен аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байысбаевтың бірлескен жобасы аясында нашақорлықпен күрес айлығы бастау алды. Айлық жоспарға сәйкес Бабайқорған ауыл округінде семинар тренинг ұйымдастырылды.