ШЫМКЕНТТЕ «БИЗНЕСКЕ ЖОЛ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 700 КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Бұл туралы «Бизнеске жол» жобасы аясында атқарылған жұмыстар бойынша өткен баспасөз брифингінде айтылды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев кәсіпкерлердің мәселелерін шешу бағытындағы жүйелі жұмыстардың нәтижелерінен хабардар етті.

Қалада кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында агенттік тарапынан “Бизнеске жол”жобасы басталған еді. Бизнесті қорғау сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің өңірлік картасына енгізілген. Жыл басынан бері департамент тарапынан 700-ден астам бизнес субъектілерінің құқықтары қорғалған.

- Жобаның негізгі міндеті – бизнес ортадағы әкішілік кедергілерді жою, мемлекеттік органдарлың өзара іс-қимыл жасау арқылы кәсіпкерлерге көмек көрсету. Бизнесті қорғау бойынша жұмыс 3 бағытта жүргізілуде. Кәсіпкерлер көбіне жер қатынастары, салықтық және кәсіпкерлік бастамаларды мемлекеттік қолдау саласындағы кедергілерге шағымданады. Бизнесте кездесетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілерді жою бойынша жұмыс жалғасып жатыр, - деді Ж.Жұмабаев.

Жоба қалалық кәсіпкерлік палатасымен бірлесе жүзеге асырылуда. Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Сәбира Адамбекова биыл жыл басынан бері тұрғындардан 150-ге жуық өтініш түскенін атап өтті. Олар - негізінен, мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша төленген борыштар сомалары, негізсіз әкімшілік айыппұлдар және тағы басқа шағымдар.

Өткен жылы қалалық кәсіпкерлер палатасының қарауына 200-ге жуық өтініштер түскен. Оның ішінде 63,8%-ы оң шешімін тауып, 85 127 633 теңге сомасында азаматтардың құқықтары қорғалды.

 

ШЫМКЕНТ: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮРЕСКЕ ТҮСТІ

Шымкентте мемлекеттік қызметшілер арасында қазақ күресінен жарыс өтті. «23 маусым - мемлекеттік қызметшілер күніне» орай, Шымкент қаласы әкімдігінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының бірлесе ұйымдастыруымен 2023 жылғы 11 маусым күні Қажымұқан атындағы орталық стадион аумағында орналасқан спорт кешендерінде мемлекеттік органдар қызметшілері арасындағы спартакиада жарысының қазақ күресінен жарыс өткізіліп, оған 8 мекеменің қызметшілері қатысты.

Талап бойынша қазақ күресі – ерлер арасында -74 кг, -90 кг, +90 кг (90-110 кг) салмақта барлық мекемеден мемлекеттік қызметкерлер (шектеусіз) жіберілді және әр салмақ дәрежесінде таразыға тартылу кезінде 1 кг қосымша мүмкіндік берілді. Бір қатысушы жарысқа тек 1 салмақ дәрежесі бойынша ғана қатыстырылды. Жарыс Qazag kuresi ассоциациясының қағидалары бойынша өткізілді.

Қазақ күресіне қатысып, жүлделі орынды иеленгендер «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының диломдарымен және қаржылай сыйлықтарымен марапатталды.

Атап айтқанда, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов 1-орынды иеленгендерге диплом мен 15000 теңге қаржылай сыйлық, 2-орынды иеленгендерге диплом мен 10000 теңге қаржылай сыйлық, 3-орынды иеленгендерге диплом мен 5000 теңге қаржылай сыйлық табыстады.

Оның ішінде:

- 74 кг салмақта:

1-орын Қапашов Еркебұлан;

2-орын Рашид Қанат;

3-орын Омаров Амангелді.

- 90 кг салмақта:

1-орын Піралиев Серік;

2-орын Асилов Ақтөре;

3-орын Абилқасым Қасымхан.

- 90 кг жоғары салмақта:

1-орын Балганов Даурен;

2-орын Адамбек Баймырза;

3-орын Утетилеуов Мақсат.

 

ШЫМКЕНТ: ЖАЛПЫ СУ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰЗҒАНДАР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ

Аптап ыстық басталғалы қала тұрғындары, балалар да шомылу үшін су айдындарына қарай ағылатыны белгілі. Жазда шомылып салқындаған жақсы, бірақ қауіпсіздік ережелерін қаншалықты сақтаймыз? Балалар және жасөспірімдерге шомылу ережелерін сақтауды үйрету, тыйым салынған аймақтарға тексеру жүргізу мақсатында Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері Еңбекші ауданы әкімдігімен бірлесе, рейд өткізді. Рейд барысында жыл сайын су айдындарында азаматтардың қаза болуына әкелетін себептерге назар аударылды.

–Шымкент қаласы әкімінің Қаулысымен жаппай демалуға және шомылуға арналған 5 орын және тыйым салынған 13 орын анықталды. Бүгінгі таңда аудан әкімдіктері төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, су айдындарында жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша күшейтілген түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, – дейді Еңбекші ауданы әкімі аппаратының халықпен жұмыс бөлімінің бас инспекторы Пернебек Айтжанов.

Демалыс аймақтарында, аквасаябақтарда, су айдындарында шомылу маусымы кезінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты назарда. Ол үшін алғашқы көмек туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жағажайдағы балаларға қауіпсіздік ережелері жазылған жадынамалар таратылды.

– Төтенше жағдайлар департаменті 35 қоғамдық құтқарушыны оқытып, тағы 44 маманды дайындықтан өткізуде. Әкімдіктермен бірлесіп қауіпсіздік белгілерін орнату бойынша жұмыс жүргізілді, полиция қызметкерлерін тарта отырып, рейдтік іс-шаралар өтіп, шомылуға тыйым салынған қауіпті учаскелерде 95 ескерту белгілері орнатылды. Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп 980 азаматты қамтитын 45 патрульдеу жүргізілді. Полиция қызметкерлері тыйым салуды бұзған, сондай-ақ ішімдік ішетін азаматтар үшін әкімшілік хаттама жасайды,–деді Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің аға лейтенанты Әуесхан Досболұлы.

Айта кетейік, өткен шомылу маусымында қалалық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 364 бабы "Жалпы су пайдалану ережелерін бұзу " және 440 бабы" алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде келу" ісі бойынша 597 285 теңге көлемінде айыппұл салынып, 47 құқық бұзушылықты анықтаған.

Отырар: жалғызілікті қарттарға азық-түлік пакеттері табысталған

Отырар аудандық «Халыққа әлеуметтік  қызмет көрсету «Тең қоғам» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы 2023 жылғы мамыр айындағы мәлімет бойынша 85 жалғызілікті қарттарға демеушілер есебінен азық-түлік пакеттері мен сыйлықтар табыс етілген.

Отырар: 327 зейнеткерге шипажайға жолдама берілген

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығының 3-қосымшасы Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына сәйкес құрылған Отырар аудандық «Халыққа әлеуметтік  қызмет көрсету «Тең қоғам» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде екі құрылымдық бөлімше «Жалғызілікті қарттарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету», «Мүгедектігі бар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету» және «Күндізгі қатынау бөлмелері» қызмет көрсетуде.

Сәкен СҰЛТАНХАНОВ, Отырар ауданының әкімі: «Біздің міндет – тұрақты жұмыс орындарын көптеп ашу, азаматтарды жұмыспен қамту»

- Құрметті Cәкен Асылханұлы. Топырағын түртсең тарих толғаған Отырар жерінде қызмет етіп жатқаныңызға бір жарым жылға жуықтады. Ықылым заманнан өркениеттің, мәдениет пен өнердің ордасы ретінде аты қалған Отырардай ауданды басқару бақыты бұйырған екен өзіңізге. Білесіз, қасиетті топырақта 30-дан астам әл-Фарабилер шоғыры, Шәмшідей вальс королі, Өзбекәлідей мәдениет мақтанышы, күш атасы - Қажымұхан, Мұхтардай әлем ақыны дүниеге келсе, еңбек майданында 30-ға жуық Социалистік Еңбек ері өскелең ұрпаққа өнеге көрсетті. Еңбек демекші, алғашқы сауалымызды осы еңбек адамдары, кәсіпкерлікті дамыту, жұмыспен қамту, жалпы әлеуметтік салаға байланысты сауалдармен бастасақ деп отырмын. Өзіңізге белгілі, мемлекет билігі былтыр «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» әзірлеп, бұл бойынша нақты тапсырмалар беріліп, атқарушы органдар тиісті жұмыстарды бастап кеткені белгілі. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу тапсырмасы бар. Мемлекет басшысының осы тапсырмасы мен кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бойынша Отырар ауданында қандай шаруалар атқарылып жатыр? Жалпы, бұл жобаның артықшылығы қандай, мақсаты не, қандай міндеттерді жүктейді? Осы сауалдарға кеңірек жауап бере кетсеңіз.

ШЫМКЕНТТЕГІ 22 БАСҚАРМАНЫҢ 554 КОМПЬЮТЕРІНДЕ ВИРУСҚА ҚАРСЫ БАҒДАРЛАМА ЖОҚ

Ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуы бойынша мониторинг жүргізілді.  Нәтижесінде, ағымдағы жылдың I және II тоқсандық жоспарына сәйкес 22 басқармада мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Жүргізілген мониторинг барысында 784 жұмыс станциялары (компьютерлер, моноблоктар және ноутбуктар) тексерілді.

Нәтижесінде 181 жұмыс станциясында операциялық жүйелердің ескі нұсқалары орнатылған және 554 комьютерде вирусқа қарсы бағдарлама орнатылмаған. Сондай-ақ, 255 жұмыс станциясында құпия сөздің болмауы орын алған.

Жалпы, мемлекеттік мекемелердің ақпараттық қауіпсіздікке жауапты мамандары тарапынан 5 басқармада қатаң бұзышылықтарға және 18 басқармада шамалы бұзушылықтарға орын берген.

Сонымен қатар, Басқарманың Instagram (@digital.shymkent) парақшасында ақпараттық қауіпсіздікті сақтау ережелері туралы бейнеролик жарияланған. Және Әкімшілікке қарасты басқармалармен аудан әкімі аппаратындағы жауапты болып бекітілген мемлекеттік қызметкерлермен АҚ талаптарының сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстары 3 тоқсанға жоспарланды.

Басқарма IT саласына қызығушылық таныту мақсатында 2023 жылы Astana Hub өкілеттігін ашу бойынша жұмыстар атқаратын болады. Оның басты мақсаты технологиялық кәсіпкерлікті танымал ету және технологиялық стартаптардың құрулуын қолдау. Нәтижесінде жастардың стартаптарын қолдау және нарыққа шығару, арнайы бизнес курстарынан өтіп, білікті мамандарды даярлау жұмыстарымен айналысатын болады. Қазіргі таңда өкілеттіктің орналасатын жерін анықтау сатысында.

2022 жылы Байдибек би, 116 мекен жайы бойынша SIFRO заманауи бағдарламалау мектебі ашылды. Нәтижесінде 2022 жылы 520 жас маман оқытылды. Ағымдағы жылы бұл көрсеткішті 3 есе артатын боламыз. Яғни, 1650 маман бағдарламалау курстарынан өтетін болады. Оның ішінде 50 маман «Техорда» грант арқылы оқитын болады. Мектеп мобильді қосымшалады әзірлеу, веб бағдарламалау, gameDev, 2/3D анимация және SGI технологиясымен қолдану курстарын қамтиды.

Отырар ауданы: үйіргелік жерден мол табыс тауып отырғандар бар

Бүгін Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов түс ауа Шәуілдір ауыл округінде болып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Аудан басшысы алдымен үйіргелік жерде жылыжай ісін жандандырып отырған ауыл тұрғындары Убайдулла Тулепов пен Ханзада Аширбекованың шаруашылығымен танысты.