Сауран: төтеншеліктер тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіруде

Сауран ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының, №24 ӨСБ-нің қызметкерлері полиция қызметкерлерімен бірлесіп, «Таудағы қауіпсіздік» ережелерін және «Суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін», «Демалыс аймағында өрт қауіпсіздік талаптарын»,«Дала-орман өрті» ережелерін сақтау бойынша жадынама қағаздар таратып, үгіт-насихат жүргізді.

Сауран ауданында шомылу кезіндегі сақтық шаралары жайлы түсіндірме жұмыстары жүруде

Сауран ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және нөмірі 24-ші ӨСБ қызметкерлері сонымен қатар полиция қызметкерлері бірлесіп, суға шомылу кезінде қайғылы оқиғалардың алдын алу және адам өлімін болдырмау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізді. Кәмелет жасқа толмаған жас балаларды қараусыз қалдырмау керектігі туралы айтылып, ата-аналарына ескерту жасалды. Сонымен қатар, арнайы дайындалған жадынама парақшалары да таратылды.

Сайрамдық өрт сөндірушілерге «сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында түсіндірме іс-шарасы өткізілді

2023 жылғы 28 сәуір күні Сайрам ауданында Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сендіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары Маханбетов Қалжігіт Өтжанұлы, Өзіндік қауіпсіздік және жеке құрам жөніндегі инспекциясы тобынын аға инспекторы Тұрлыбеков Айбек Оңласбекұлы, Әл-Фараби мешітінің бас имамы және «Аманат» партиясы мен Полиция басқарма қызметкерлерінің қатысуымен, №6 ӨСБ, №17, №23 өрт сөндіру бекеттерінің қызметкерлеріне «сыбайлас жемқорлыктың алдын алу», "жол жүру ережесін қатаң сақтау", «өз өзіне қол жұмсау (суицид)» фактілерін болдырмау бағытында түсіндірме іс-шарасы өткізілді.

Түркістан: «суға шомылуға тыйым салынады» тақырыбында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

Түркістан қаласының Адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Қазыбек би атындағы №14 жалпы орта мектебі» КММ және «М.Шоқай атындағы №24 жалпы орта мектебі» КММ мекемелерінің оқушылары мен мұғалімдеріне жазғы шомылу маусымы қарсаңында «Суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері», «Белгіленбеген орындарда суға шомылуға тыйым салынады» тақырыптарында түсіндірме үгіт насихат жұмыстары жүргізілді. Жалпы мекемелерден 250 оқушы және мұғалім қамтылғанын айта кеткен жөн.

Сайрам: төтеншеліктер балаларды өз еркімен су жағалауларына жібермеу керектігін ескертеді

Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы суға шомылу маусымы кезінде су нысандарында қайғылы жағдайды болдырмау мақсатында, балаларды өз еркімен су жағалауларына жібермеу қажет екенін ескертеді!

Шымкентте 9,5 мыңға жуық отбасы атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізді

Атаулы әлеуметтік көмек табысы аз отбасыларды қолдау мақсатында көрсетіледі. Бұл жәрдемді былтыр 1 тоқсанда қалада 11 988 отбасы алған болатын. Отбасылық табыстың артуы, тұрғындардың жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылуы және жеке кәсіптерін ашуына байланысты биыл көмек алушылар 21,3 пайызға төмендеп отыр.

6-жасқа дейінгі балаларға берілетін кепілдендірілген әлеуметтік топтама биылдан бастап монетизацияланды. Әр бүлдіршінге ақшалай 5 175 теңге төленеді.  Биыл 2-тоқсанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70-пайызы, яғни 31 908 теңге кедейшілік шегі деп белгіленген.

Айта кетейік, атаулы әлеуметтік көмек – бұл жәрдемақы емес, табысы аз отбасылардың қаржылық жағдайын жақсартуға және дағдарысты еңсеру үшін олардың ресурстарын ынталандыруға бағытталған қиын жағдайға тап болған азаматтарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау. АӘК көрсетудің негізгі критерийі – жан басына шаққандағы табыстың өңірлік күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен болуы қажет. АӘК тағайындау өтініш берілген айдан басталады. Атаулы әлеуметтік көмекке және кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға 2023 жылға бюджеттен 10,4 миллиард теңге бөлінген.Қаламыз бойынша құжаттар 2020 жыл басынан бері қабылданып жатқаны белгілі. Сонымен қатар, АӘК тағайындау кезіндегі маңызды талаптардың бірі жұмысқа қабілетті отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына міндетті түрде қатысуы болып саналады. Осы орайда, Шымкент қаласында халықты жұмыспен қамту бағытында 2020 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 29 611 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде техникалық және қысқа мерзімді кәсіптік оқу бағытында 4 386 адам оқуға жолданып, жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша 6 802 адам жұмысқа орналасты. Ал халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бағыты бойынша 18 423 адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілген.

Шымкентте тоқыма өндірісін дамытуға серпін беретін форум өтті

Бүгін Шымкентте 400-ден астам бизнес қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен «OTANDYQ KILEM FORUMY» өтуде. Мегаполисте кілем өндірісінің дамуына ықпал етіп, өңіраралық ынтымақтастыққа жаңа серпін беру мақсатында ұйымдастырылған жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, саладағы жетістіктерге тоқталды.

“Бұл форум еліміздегі кілем өндірісінің дамуына ықпал етіп, жаңа серпін береді. Жалпы, қаламызда жеңіл өнеркәсіп саласында 173 кәсіпорын жұмыс істесе, оның 45 пайызы тоқыма бұйымдарын өндіреді. Соңғы үш жылда тоқыма өнеркәсібінде өндіріс көлемі 10 пайызға ұлғайтылды. Тартылған инвестиция көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 2,3 есеге артты.Қазіргі таңда «Оңтүстік» АЭА-та 35 жоба іске асырылуда. «Бал текстиль» ЖШС жылдық өндірісті ұлғайтты. Жергілікті компанияның өнімдері алыс-жақын шетелге танымал. Осындай жетістікке жеткен компанияның ұжымына сәттілік, мол табыс, жаңа белестер тілеймін  ” – деді М.Дүйсенбекұлы.

Мемлекет басшысының Жарлығымен өңірде мақта-тоқыма кластерін құрып, дамыту мақсатында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы құрылған болатын. Тоқыма компанияларына салықтық және кедендік жеңілдіктер қарастырылған. Қазіргі таңда мұнда жалпы құны 58 млрд теңгені құрайтын 35 жоба іске асырылуда. Кәсіпорындарда 2,5 мыңнан астам адам тұрақты жұмыс істеуде. Оның ішінде 20 жоба тоқыма өнеркәсібінде жүзеге асырылды.

Тоқыма саласының көшбасшысы – кілем және кілем бұйымдарының өндірісімен айналысатын жергілікті «Бал текстиль» компаниясы. 10 жылдан бері нарықта келе жатқан компания 4 инвестициялық жобасын жүзеге асырып, онда 300-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Жылына 8,5 млн.

Шаршы метр кілем бұйымдары мен 4 мың тонна синтетикалық иірімжіп шығаруға қауқарлы. Кәсіпорын тарапынан Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдеріне 5 млрд. теңгеден астам соммаға өнім экспортталған.

Тоқыма саласын дамытуға жол ашатын бүгінгі кездесуде жаңа бастамалар талқыланып, сала өкілдерінің тәжірибе алмасуына, іскерлік байланыстарды орнатуына мүмкіндік береді.

 

Шымкентте «Ылғалды барьер» қондырғылары қалыпты жұмыс істеп тұр

Мегаполистегі халық санының өсуіне, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар құрылысының артуына, қала тазалығын сақтауға байланысты қала әкімі М.Әйтенов тазалау қондырғысын салу жоспарымен танысты. Нақты айтсақ, кәріз суынан шыққан қалдықтарды қазіргі аумақтан орнын алыстатуға және залалсыздандыру тұздарын уақытылы, мөлшерге сай шашып тұруға тапсырма берді.

Қазір қала аумағында жағымсыз иістерді бейтараптандыруға арналған «Ылғалды барьер» қондырғылары қалыпты жұмыс істеп тұр.

Сондай-ақ, жағымсыз иісті болдырмау үшін шұңқырларды тұзбен толтыру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді. Бүгінге дейін кәріз суларын тазалау аумағын қоршай 2000 түптен аса көшет отырғызылып, тамшылатып суғару жүйесі құрылған. Аумақта жалпы ұзындығы 1100 метрді құрайтын қолданыстағы лай төсеніштерінің айналасына темірбетон қоршауын салу жұмыстары басталды. Жұмыс биылғы жылдың шілдесіне дейін аяқталатын болады.

Жоспарға сәйкес, 2024-2025 жылдары тазарту қондырғысының бүкіл аумағында толығымен 10 000-нан аса көшет отырғызылады.

Алдағы уақытта жағымсыз иіс тұрғындарға келеңсіздік тудырмас үшін еуропалық стандарттағы жаңа технологиялық тазарту қондырғысы қолданылатын болады. Сонымен қатар, қондырғының қуаттылығын тәулігіне 200 мың текше метрге дейін арттыру, 50 мың текше метрге дейін тазарту үшін қосымша құрылыстар салу басты жоспарда.

Осыған орай мамандар миллиондаған тұрғыны бар Берлин, Мәскеу, Ташкент секілді ірі қалалардың тазарту қондырғыларының жұмысымен тәжірибе алмасады.

Тілге тиек етейік, жалпы, қаладан шығатын шайынды судың кешенде тазартылатын көлемі 150 мың текше метр. Шымкент аумағының күннен-күнге ұлғаюына байланысты шайынды су өңдеу кешенінің қуаттылығын қосымша 50 мың текше метрге арттыру бойынша жұмыс басталып кетті. Оған Еуропалық қайта құру, Даму банкінен несие алынды және Үкіметтен қолдау көрсетілуде. Нәтижесінде бүгінде кешен Орта Азия елдерінде баламасы жоқ ауқымды жобаға айналып отыр.

Айта кетейік, жыл басынан бері «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС тұрғын алаптарда су құбыры және кәріз желілерінің тозығы жеткен бөліктерін жаңартуды және ауыстыруды қолға алған.

Шымкентте жаңа бағдаршамдар орнатылуда

Шымкентте жол қауіпсіздігінің алдын-алу мақсатында жыл сайын жаңа бағдаршамдар орнатылуда. Биылғы жылы 12 орынға бағдаршам бекіту жоспарланған.

Сондай-ақ, қала көшелеріне жалпы 400 шақырым жол таңбалары сызылады. 800 метр жасанды жол кедергілерін әлеуметтік маңызы бар мекемелердің алдына қою және 3500 жол белгілерін орнату жоспарда бар. Жалпы қала аумағында орналасқан 291 бағдаршам нысандарын күтіп ұстау жұмыстары тұрақты түрде атқарылуда.Естеріңізге сала кетейік, қалада тұрғындардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бірқатар шаруалар қолға алынған. Жаңадан бағдаршамдар, жасанды жол кедергілерін орнату мен жаяу жолаушылар өткелін салу жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. 2022 жылы 12 бағдаршам орнатылған. Сонымен қатар, қала көшелеріне жалпы 450 шақырым жол таңбалары сызылып, 4000 дана жол белгісі орнатылды.  2021 жылы осы мақсатта қалада жалпы 12 бағдаршам орнату  мен 12 белсенді жаяу жолаушылар өткелін салынды.  Айта кетейік, 2020 жылы Шымкент қаласының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жалпы саны 15  бағдаршам орнатылған болатын. Осы аталған жұмыстар негізінде қала аумағындағы жол апаты саны азайды. Сондай-ақ, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орнатылған түрлі жол белгілерін қалпына келтіру жұмыстары да тұрақты түрде жүргізіледі. Бұл бойынша қала тұрғындары Шымкент қаласының ситуациялық орталығына хабарласын шағым қалдыра алады. Естеріңізде болса, Шымкент қаласының қауіпсіз жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 2021 жылы Шымкент қаласы бойынша 200 орынға 800 "сергек" камерасы орнатылған болатын. 2022 жылы да қала аумағында құқық бұзуды тіркеуге арналған автоматты камералар желісін кеңейту бойынша 50 орынға 200 дана "сергек" камерасы орнатылды. 

Түркістан қаласында өртке қарсы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Сәуір айынан бастап, қараша айына дейін өрт қаупі көбейеді. Осы уақыттарда орманды алқаптарды өрттен қорғау жұмысы ерекше күшейтілуі тиіс. Бұл ретте «Жасыл Аймак» КММ-де орман қоры жерлерінде өрттен сақтау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп отыр.