Шымкент: Мемлекеттік грантқа құжат қабылдау басталды

Шымкент қаласында 15 мамыр –26 мамыр аралығында 400 АЕК көлеміндегі мемлекеттік гранттың II-ші легі бойынша өтінім беру басталады.тӨтінімдер қабылдау «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде қабылданады. Қатысу үшін үміткер порталға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП) арқылы тіркеліп, өтінім бере алады.

Мемлекеттік грант қаражаты – ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады. Өтінім беру үшін қажет:

Порталда тіркелу;

грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;

порталда көрсетілген бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу (өз бетінше бизнес-план жарамайды);

өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.

Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, халықты жұмыспен қамту орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында өтінім беруге болады. Төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:

еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;

қолданыстағы «кандас» мәртебесі бар адамдар;

өңіраралық қоныс аударушылар атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақы алушылар;
Мүгедектігі бар баланы (18 жасқа дейінгі бала) тәрбиелеп отырған адам (жұбайы/зайыбы);

асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар;

Сонымен қатар, үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс.

Айта кетейік, өткен жылы қаламызда 1 мыңнан астам адам жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін қайтарымсыз гранттарды жеңіп алған. Ал, 2 мыңнан астам адам тегін кәсіби оқуға жіберілген. Мемлекет тарапынан берілетін қолдау шаралары биыл да өз жалғасын табуда. Қала бойынша 447 адамға 400 АЕК дейінгі мөлшерде қайтарымсыз грант беру жоспарланып отыр. Және 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған 261 жастарға 2,5% жеңілдетілген шағын несие беру жоспарда бар.

 

Түркістандағы «Керуен сарай» кешенінде өрт-тактикалық оқу жаттығу жиыны өтті

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Түркістан қаласы)» мемлекеттік мекемесі құрылымдық бөліністерінің 2023 жылғы өткізілетін өрт-тактикалық оқу-жаттығулары мен өрт-тактикалық сабақтарының жоспар-кестесіне сәйкес 2023 жылғы 24 сәуір күні Түркістан қаласы, «Керуен сарай» кешені, "Altyn Samuryk" ұшу театрында шартты түрде өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу жаттығу жиыны өткізілді. Оқу-жаттығуға 10 бірлік техника, 88 жеке құрам және 102, 103 қызметкерлері қатысты.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде 2023 жылғы 3 айдың қорытындысы бойынша жедел кеңес өткізілді

Түркістан облысы Төтенше жағдайлардепартаменті мен оның бөлімшелерінің 2023 жылғы жедел-қызметтік іс-әрекетінің қорытындысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Нұрғали Жүнісовтың төрағалығымен жедел кеңес өтті.

Түркістан: көп қабатты үйлердің тұрғындарына газ баллондарды қауіпсіз пайдалану ережелерін түсіндірді

 

Түркістан қаласы аумағындағы көп қабатты үйлердегі газ пропан баллондарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік жайында Түркістан қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдар бірлесе отырып түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Түркістан: төтеншеліктер суға түсу кезіндегі қауіпсіздік талаптарын түсіндірді

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының  қызметкері а.қ. лейтенанты Ишметов М.Б және М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының 4 курс курсанты Ә. Оралбай, С. Байқозы, Е. Кенжебаев Орталық мешітке жиналған жамағатқа балаларды қараусыз қалдырмауға және суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау талаптарын түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстары жүргізіп, жадынама парақшалары таратылды.

Жерлесіміз Махмұд Сабырхан – Әлем чемпионы!

Махмұд Сабырхан  Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті.  

Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтынды шымкенттік боксшы Махмұд Сабырхан салды. 54 келі салмақта сынға түскен спортшы ақтық бәсекеде өзбекстандық Ойбек Джураевпен қолғап түйістірді. Бірінші раунда Махмұд соққыларын дәл жұмсап, төрешілердің бәрін өзіне бұрды – 5:0. Екінші кезеңде бес қазының төртеуі басымдықты қазақ боксшысына берді. Үшінші раундта Махмұд Сабырхан қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Өзбекстандық спортшыны екі мәрте нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Қазақстандық боксшы мұның алдында Куба, Гана, Үндістан мен Мажарстан спортшыларын ұтқан. Махмұд екі жыл бұрын Белградта өткен жаһандық доданың күміс жүлдегері атанған. Сайыпқыранымыз бұл жолы ринг қожайыны Ойбек Джураевпен жекпе-жекте шеберлігін паш етті. Мұны қапталдағы төрешілер де мойындады.  Ұлттық құрама қоржынына кезекті алтын жүлдені сыйлаған спортшымызды құттықтаймыз! Естеріңізде болса, Сербия мемлекетінің астанасы Белград қаласында бокстан ересектер арасындағы өткен әлем Чемпионатынан күміс жүлдемен оралған Махмұд Сабырхан: «Бұл жалғыз менің жеңісім емес. Ата-анам, бапкерлерім және жанкүйер болған халықтың жеңісі. Әлем чемпионатында бес кездесу өткіздім. Оның төртеуін жеңіспен аяқтадым. Барлық жекпе-жегім оңайға соққан жоқ. Олимпиададан кейін әлем чемпионатына барымызды салып дайындалдық. Чемпион атанамын деп ойлаған едім. Бірақ бұйырғаны күміс болды. Келесі жылы Азия ойындар болады. Әрі Ташкентте өтетін әлем чемпионатында көк туымызды көтергім келеді. Жарыстарға дайындалып, өз есемді қайтарамын", – деген еді. Ер жігіт айтты, Ержігіт орындады деген осы болар, сірә!

Шымкентте бәйгеден ел чемпионатына іріктеу өтті

Шымкент қаласының ипподром алаңында Ұлттық ат спорты бәйгесінен ҚР чемпионатының аймақтық іріктеу турнирі болып өтті. Ат спорты біздің ұлттық генетикамыздың белгісі, өткен мен бүгіннің сабақтастығының көрінісі. Шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, жиналған жанкүйерлерді аламанның ашылуымен құттықтады.

Қаламызда ұлттық спорт түрлері бұқаралық сипат алған. Қазір 20 мыңнан аса спортшы ұлттық спорт түрімен шұғылданады.

- Біздің спортшылар өткен жылы Әлем, Азия және ел чемпионаттары мен кубоктарындағы медальдер саны бойынша республика бойынша көш бастады. Бүгінгі республикалық бәйге жарысы да мегаполисіміздің мерейін асырып, ұлттық спорттың өркендеуіне мол мүмкіндік береді деп сенемін, - деген Мұрат Дүйсенбекұлы дүбірлі додаға қатысушыларға жеңіс пен сәттілік тіледі.

Турнирде ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті Т.Есентаев және республикалық «Бәйге» федерациясының президенті Қ. Көпбаев қонақ ретінде келді, сондай-ақ, бәйгеде 65 сәйгүлік пен шабондоз додаға түсті.

Аламан бәйгеде оза шауып, жиырма бір шақырымдық жолда желдей жүйріктік танытқан елордалық Бақыт Торғаев, Қыран есімді сәйгүлігімен бірінші орынды қанжығасына байлады.

Он төрт шақырымдық топ бәйгеден Ұлытау атты тұлпары бар Нұрдәулет Әкімжанов бірінші орынды иеленді. Сайыстың соңғы сатысы сегіз шақырымдық құнан бәйгеде шымкенттік Шағала атты жүйріктің иесі Бекжан Қоржынбаев бірінші орынға лайық деп табылды.

Шараны Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен «Бәйге» федерациясы республикалық қауымдастығы ұйымдастырды.

Айта кетейік, Шымкентте ұлттық спорт түрімен шұғылданатын азаматтар саны артып, 20 742 адамға жетті. 2022 жылдың статистикалық қорытындысына сәйкес, шымкенттіктердің 42 пайызы, яғни 498 852 адам дене тәрбиесімен айналысып, спортпен тұрақты түрде шұғылданады. Ұлттық спорт түрлерімен шұғылданатын азаматтар оның 4.1 пайызын құрап отыр. Мегаполисте ұлттық спорт түрлерін насихаттап, дамыту мақсатында Шымкент қаласының ұлттық және ат спорт түрлері бойынша кешенді спорт клубы жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда ұлттық спорт түрінен ҚР Еңбек сіңірген 2 жаттықтырушы еңбек етіп келеді. Сонымен қатар, ҚР жасөспірімдер, жастар, ересектер құрама командасының тізімінде 1 ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, 4 Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 8 ҚР спорт шебері, 111 Спорт шеберіне үміткер және І спорттық дәрежедегі 57 спортшы бар.

 

 

Шымкент Төтенше жағдайдың карталық сызбасы бойынша 36 секторға бөлінген

Жалпықалалық сейсмикалық оқу жаттығу шаралары №65 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының аумағында жалғасты. Мұнда шартты түрде халықты қабылдау пунктінің қызметі ұымдастырылды. Жаттығу барысында қала бойынша құрылған 123 эвакуациялық пункттің мекенжайлары арнайы мобильді қолданбаларға орналастырылды.

Қала әкімі М.Әйтенов сейсмикалық оқу жаттығу барысын қадағалап, штаб жұмысын пысықтады.

«Жалпы қала аумағы төтенше жағдайдың карталық сызбасы бойынша 36 секторға бөлінген. Орталық штабтың барлық бөлімдермен тығыз байланыста болуы, резервтегі көмектерді шұғыл әрі тиімді пайдалануы маңызды. Қаланың әрбір мектебінде қабылдау пунктері іске қосылады. Әр ауданда арнайы штаб құрылады» - деді қала әкімі.

Төтенше жағдай кезіндегі арнайы операциялар Ипподром аумағында көрсетілді. Онда шатырлы лагерь, далалық ас үй, тамақтану және азық-түлікпен қамтамасыз ету пункттері орналастырылған.

Бүгінгі шараға 65 жеке құрам, жедел-құтқару жасақтың 5 құтқарушысы,өрт сөндіру қызметінің 16 арнайы техникасы, 10 жедел жәрдем көлігі жұмылдырылды. Сондай-ақ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан 7 қоғамдық автобус тартылды. Сонымен қатар 21 қалалық азаматтық қорғау қызметі қатысып, дайындықтарын пысықтады.

 

Айта кетейік, фғымдағы жылдың 6 ақпанында Түркияның оңтүстігінде таңғы сағат төртте 17 км тереңдікте 7,8 баллдық дүмпулер тіркелді. Эпицентрінен жүздеген мильге созылған жер сілкінісінен кейін миллиондаған түріктер мен сириялықтардың өмірі түбегейлі өзгерді. Жер сілкіністерінің соңғы сериясы бүкіл әлемдегі елдерге әсер етті.

Жер асты дүмпулері көрші елдерде - Ирак, Израиль және Арменияда тіркелді. Сейсмикалық процестердің жандануы Кавказдың орталық бөлігінде — Солтүстік және Оңтүстік Осетия, Грузияда байқалды. Сол күні Алматыдан батысқа қарай 600 км жерде магнитудасы 5,4 балл болатын жер сілкінісі болды. Елдің кейбір аудандарында 2-3 баллдық серпіліс сезілді. Жер дүмпулері Шымкентте де орын алған еді.

 

Шымкент: Сейсмикалық жаттығу күштік құрылымдардың дайындығын пысықтайды

 

Ағымдағы жылдың 6 ақпанында Түркияның оңтүстігінде таңғы сағат төртте 17 км тереңдікте 7,8 баллдық дүмпулер тіркелді. Эпицентрінен жүздеген мильге созылған жер сілкінісінен кейін миллиондаған түріктер мен сириялықтардың өмірі түбегейлі өзгерді. Жер сілкіністерінің соңғы сериясы бүкіл әлемдегі елдерге әсер етті.

Жер асты дүмпулері көрші елдерде - Ирак, Израиль және Арменияда тіркелді. Сейсмикалық процестердің жандануы Кавказдың орталық бөлігінде — Солтүстік және Оңтүстік Осетия, Грузияда байқалды. Сол күні Алматыдан батысқа қарай 600 км жерде магнитудасы 5,4 балл болатын жер сілкінісі болды. Елдің кейбір аудандарында 2-3 баллдық серпіліс сезілді.

Әлем елдері өздерінде Түркиядағыдай жер сілкінісі болса не істейміз деп абдырап қалды. Осы орайда Шымкент қаласынң әкімі жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өткізу шешімін қабылдады. Шымкентте өткен жалпықалалық сейсмикалық жаттығуға барлық азаматтық қорғау қызметтері, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар, химиялық қауіпті нысандар, ауруханалар, білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. Төтенше жағдайды алдын алу шарасы кезінде мекемелердің дайындығы мен міндеті пысықталды.  Шартты түрдегі табиғи апатқа байланысты жедел штаб құрылып, оның жұмысына қала әкімі Мұрат Әйтенов жетекшілік жасады. Шартты түрде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. “Кешенді шұғыл шаралар ең бастысы қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталады. Төтенше жағдай зарбадын алдын алу мақсатында қазір қала аумағындағы ескі үйлерді сейсмикалық аудиттен өткізу жұмыстары қолға алынып отыр. Зерделеу жұмыстарының қорытындысына сәйкес, сүрілуге жататын ғимараттарды анықтайтын боламыз. Қажет болған жағдайда орнына жаңа тұрғын үйлердің құрылысын бастаймыз” – деді М. Дүйсенбекұлы. Жер сілкінісі салдарынан шартты түрде жартылай қираған мекенжайға өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен 14 өрт сөндіру автокөлігі жеткізілді. Арнайы күштер шұғыл түрде барлау жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарды эвакуациялады. Тұрғын үйдің 6-шы қабатында шартты түрде шыққан өрт сөндіріліп, адамдар құтқарылды.  Сейсмикалық жаттығулар күштік құрылымдардың дайындығын пысықтап, тұрғындардың зілзала кезінде іс-қимылдарын ширатуға, азаматтық қорғанысты күйшетуге мүмкіндік береді.