Түркістан: "Таза Қазақстан" бағдарламасы тұрақты жалғасуда
Түркістан облысына қарасты аудан, қалаларда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында жүйелі жұмыстар жалғасып келеді. Өткен аптада облыс көлемінде 215 арнайы тазалық шарасы ұйымдастырылған. Оған қоса Шардара жағажайы аумағын ретке келтіру шаралары жүзеге асты. Бұл бағыттағы мәселелер Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық мәжілісте талқыланды.