Сарыағаштық жас спортшылар Азия біріншілігінде жүлделі орындардан көрінді

2026 жылғы 24-26 сәуір аралығында Ташкент қаласында өткен Азия чемпионатына Түркістан облысы Сарыағаш ауданынан 22 жас спортшы қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Нақтырақ айтқанда, 5 спортшы – І орын, 7 спортшы – ІІ орын және 10 спортшы ІІІ орын иеленді. Жеңімпаз атанған жас спортшылар «Альфа» спорт клубында жүйелі түрде жаттығып келеді.

Халықаралық таланттар саммитінде отырарлық оқушы арнайы марапатқа ие болды

Жақында Астана қаласында «Қазақстан – Сириус» II Халықаралық таланттар саммиті өтті. Маңызды шара ғылым мен мәдениет саласындағы білім беру көшбасшыларын біріктіріп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге серпін берді. Саммит аясында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен Ресей Федерациясындағы «Талант және табыс» білім беру қоры арасындағы стратегиялық әріптестік нығая түсті.

Түркістан облысында тұрғындардың табысын арттыру, жұмысшылардың құқығын қорғау бағытындағы жұмыстар күшейтілді

Түркістан облысында еңбек қатынастарын заңдастыру, халықтың әл-ауқатын арттыру, кедейлік деңгейін төмендету бағытындағы жұмыстар күшейтілді. Аталған салалардағы өзекті мәселелер облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте қаралды. Облыс әкімі кемшілікке жол берген жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне сын-ескертпе айтып, жұмысты ширатуды тапсырды.

Түркістан облысы: шегірткеге қарсы препараттардың сапасы қатаң бақылауға алынып, жұмыс жандана түскен

Түркістан облысында шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес жүйелі әрі жоғары қарқынмен жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс әкімі Нұралхан Көшеров төрағалық еткен мәжілісте талқыланды. 2026 жылы фитосанитариялық ахуалды тұрақты сақтау мақсатында облыс әкімінің өкімімен арнайы штаб құрылып, жұмыстарды үйлестіру күшейтілді.

Түркістан облысы: Отырарда «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік!» тақырыбында тағылымды іс-шара өтті

Отырар ауданындағы С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектепте «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік!» тақырыбында тағылымы мол салтанатты мәдени іс-шара өтті. Тағылымды кеш ардагер ұстаз, ұлағатты педагог Бимурзаев Жұматай Ахметұлының құрметіне арналды. Іс-шараның басты мақсаты – саналы ғұмырын білім мен тәрбие саласына арнаған ұстаздың өнегелі өмір жолын дәріптеу, оны жас ұрпаққа үлгі ету.

Түркістан: Сауран ауданында шомылу маусымындағы қауіпсіздік пен дала өртінің алдын алу шаралары қаралды

Сауран ауданы әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиында аудан көлеміндегі бірқатар өзекті мәселелер қаралып, жауапты бөлім басшыларының есептері тыңдалды. Күн тәртібіне сәйкес алғашқы мәселе шомылу маусымы кезіндегі судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және дала өрттерінің алдын алу шаралары болды. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Мұхтар Қуанышбаев атқарылып жатқан жұмыстар барысын баяндап, алдағы кезеңге жоспарланған қауіпсіздік шараларына тоқталды.

Түркістан қаласының тарихын насихаттайтын көркем инсталляциялар орнатылып жатыр

Түркістан – тарихы терең, Ұлы Жібек жолының бойында қалыптасқан көне шаһар. Ежелгі кезеңде бұл өңір арқылы өткен сауда керуендерінің негізгі көлік құралы түйе болған. Сол себепті түйе бейнесі – қаланың тарихи-мәдени болмысын айқындайтын маңызды символдардың бірі.

Түркістан қаласында «Күлтөбе Cup» республикалық зияткерлік сайысы өтті

Түркістан қаласында жастардың зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған «Күлтөбе Cup» республикалық зияткерлік сайысы өтті.  Сайыстың басты мақсаты – қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен тарихын дәріптеу, жастар арасында ораторлық мәдениетті қалыптастыру, азаматтық таным мен құқықтық сауаттылықты дамыту. Сондай-ақ қоғамдағы қоғамдағы маңызды мәселелер аясында жастардың өз көзқарастары арқылы шешім қабылдап, құқықтық сауаттылықты жан-жақты мониторрингтік зерттеулер жүргізе отырып интеллектуалды ойын арқылы толығырақ насихаттау.

Түркістан облысы: сарыағаштық шаруалар қырыққабаттың алғашқы өнімін жинап жатыр

Сарыағаш ауданы Жартытөбе ауылында ерте пісетін қырыққабаттың алғашқы өнімі жинала бастады. Аудан әкімі Арман Абдуллаев Жартытөбе ауылдық округіне арнайы барып, ашық егіс алқабындағы жиын-терім жұмыстарымен танысты.

Түркістанда жол-көлік инфрақұрылымы қарқынды даму үстінде

Түркістан қаласында жол-көлік инфрақұрылымын жаңғырту бағытында жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда ұзындығы 1,98 шақырымды құрайтын Б.Майлин көшесін реконструкциялау жұмыстары басталып, орындалу деңгейі 30%-ды құрайды.