Super User

Super User

Созақ ауданында өткен жылдан бері 135 отбасы баспаналы болды

Созақ ауданында тұрғындарды баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар қарқын алып отыр. Бүгін тағы 17 отбасы жаңа пәтерлердің кілтін алып, көптен күткен қуанышқа кенелді. Салтанатты рәсімге аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, аудан тұрғындары, еңбек ардагерлері, зиялы қауым өкілдері мен жаңа қоныс иелері қатысып, қуанышты сәттің куәсі болды. Аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы жаңа баспаналы болған отбасыларды қоныс тойымен құттықтап, тұрғын үймен қамту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Созақ ауданының әкімі тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын назарға алды

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті рет қабылдап, азаматтардың талап-тілектері мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үймен қамту, жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау және басқа да өзекті мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді.

Созақ ауданы: Мемлекет басшысының Жолдауы мен «Таза Қазақстан» жобасының маңызы түсіндірілді

Созақ ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы мен «Таза Қазақстан» жобасын кеңінен насихаттау мақсатында кездесу өтті.

Созақ ауданы: Жолдау жүктеген міндеттердің жүзеге асырылу барысы талқыланды

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында жүктеген міндеттерінің жүзеге асырылу барысы және алдағы кезеңге арналған жоспарлар кеңінен қаралды.

Осы RSS каналға жазылу