Super User

Super User

Созақ ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері талқыланды

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен лездемелік мәжіліс өтіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен межеленген индикаторлардың орындалу барысы кеңінен қаралды. Жиынға аудан әкімінің салалық орынбасарлары, бөлім, мекеме басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері қатысып, өз салалары бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерді саралады.

Созақ ауданы: Оразкүл Асанғазықызы Шолаққорғандағы жаңа кітапхананың жұмысымен танысты

Қоғам қайраткері, тіл жанашыры, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Оразкүл Асанғазықызы аудан орталығында бой көтерген жаңа кітапхана ғимаратына арнайы барып, руханият ордасының тыныс-тіршілігімен танысты. Заманауи талаптарға сай салынған жаңа нысанның сәулеттік келбеті мен ішкі мүмкіндіктерін аралаған қоғам қайраткері ғимараттың мүмкіндіктерін ерекше тебіреніспен жеткізді.

Созақ ауданында «Адал ата-ана — қауіпсіз балалық шақ» атты форум өтті

Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылындағы «Мыңжылқы» мәдениет сарайында «Адал ата-ана — қауіпсіз балалық шақ» атты аудандық ата-аналар форумы ұйымдастырылды. Ұлттың келешегі мен бала тәрбиесі мәселесін арқау еткен тағылымды жиынға ата-аналар, білім саласының қызметкерлері, құқық қорғау органдары мен зиялы қауым өкілдері қатысып, өскелең ұрпақтың болашағына қатысты өзекті мәселелерді кеңінен талқылады.

Созақ ауданында 29 отбасыға жаңа пәтердің кілті табыс етілді

Созақ ауданына қарасты Жеткіншек мөлтек ауданында қуанышты сәт орын алды. 29 отбасыға жаңа пәтерлердің кілті салтанатты түрде табысталды. Жаңа баспаналар халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар мен көпбалалы отбасыларға берілді. Қоныс тойының қуанышын бөлісуге аудан тұрғындары, ардагерлер қатысты.

Осы RSS каналға жазылу