Созақ ауданы: нашақорлыққа қарсы бір айлық акция басталды
Ауданда жастар арасында нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған бір айлық акция өз жұмысын бастады. Ауқымды шара аудандық «Достар» стадионында өтіп, оған аудан жастары, полиция және медицина қызметкерлері, спортшылар, еріктілер мен түрлі сала өкілдері қатысты.