Бейсенов Арман – заманауи урологияның дамуына үлес қосып жүрген білікті дәрігер
Медицина – адам өмірі мен денсаулығына жауап беретін ерекше мамандық. Бұл салада кәсіби біліммен қатар, жауапкершілік, жанашырлық, үздіксіз ізденіс пен өз ісіне адалдық қажет. Осындай қасиеттерді бойына сіңіріп, көптеген науқастың сауығып, қалыпты өмірге оралуына себепкер болып жүрген мамандардың бірі – Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасының урология бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер-уролог Бейсенов Арман Ілесбайұлы.