Super User

Super User

Түркістан қаласындағы «Дара ұрпақ» инклюзивті театрында ерекше кездесу өтті

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласындағы «Дара ұрпақ» инклюзивті театрына арнайы барып, ұжыммен және жас өнерпаздармен кездесті. Жылы әрі әсерлі жағдайда өткен жүздесуде театрдың жас өнерпаздары өнерлерін көрсетсе, театрдың құрылтайшылары Ербол Көкенов пен Рухабза Қалдарбек балалардың атынан өңір басшылығына алғысын айтып, жетістіктерін бөлісті. Өнерге баулып жүрген педагогтарды таныстырып, еңбектеріне тоқталды.

Түркістанның туристік тартымдылығын арттыруға әсер ететін ғимараттардың жай-күйі талқыға түскен жиын өтті

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өңірде салынатын ғимараттар мен жобалардың сәулеттік келбетін талқылауға арналған кезекті жиын өтті. Мәжілісте Келес ауданы мен Түркістан қаласында жүзеге асырырылуы жоспарланған бірқатар бастамалар қаралды. Жиын барысында 7 сәулеттік жоба таныстырылып, жас сәулетшілер өз ұсыныстары мен идеяларын ортаға салды.

Түркістанда Қазақстан Республикасының VIII Халық ойындары өтті

Түркістан қаласындағы «Керуен-сарай» туристік кешенінде Қазақстан Республикасының VIII Халық ойындары өтті. Ашылу салтанаты ұлттық нақыш пен заманауи технология үйлескен мерекелік кешке айналып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Салтанатты жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Аманбай Нұрмұханбетов қатысып, спортшылар мен бапкерлерді дүбірлі доданың ашылуымен құттықтады.

Түркістанда байдарка мен каноэ есуден Азия чемпионаты өтті

Түркістан қаласында байдарка мен каноэде есуден 18 бен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты және параканоэден Азия чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Азияның үздік жас спортшыларын бір арнаға тоғыстырған дүбірлі дода Түркістандағы халықаралық стандарттарға сай салынған ескек есу арнасында ұйымдастырылды.

Осы RSS каналға жазылу