Түркістан облысы: Жетісайда волейболдан аудандық біріншілік өз мәресіне жетті
Әуесқой волейбол командалары арасында сәуір айында бастау алған Жетісай ауданының ашық біріншілігі өз мәресіне жетті.
Әуесқой волейбол командалары арасында сәуір айында бастау алған Жетісай ауданының ашық біріншілігі өз мәресіне жетті.
Ағымдағы жылдың қараша айының 1-6 күндері аралығында Арыс қаласында бокстан 2004-2005 жылдары туған жасөспірімдер арасында Түркістан облысының чемпионаты өткізілген болатын. Жарысқа 14 салмақ дәрежесінде жалпы 212 боксшы қатысты.
«Мақтаарал барыстары» құрамасы баскетболдан өткен облыстық турнирде топ жарды. Аталмыш шара Төлебидегі спорт кешенінің ашылуына орай адами әлеуетті дамыту орталығының ұйымдастыруымен 2003–2004 жылғы мектеп оқушыларының арасында ұйымдастырылған болатын. Күміс жүлде иегерлерін аудан әкімі Бақыт Асанов құтықтап,арнайы марапаттады.
Бұл шалғай ауыл балаларының спорттың осы түрімен шұғылдануына мүмкіндік беріп отыр. Жалпы, соңғы жылдары облыс аумағында теннисті дамытуға күш салынып жатыр. Бұл жағдай өңірдегі кенже қалған спорт түрін әлемдік аренаға алып шығуға негіз болмақ.
Бүгін Шардара қаласының спорт кешеніндеШардара ауданының құрылғанына 55 жыл толуына арналған ауыр атлетикадан 2003 жылдан төмен туылған жасөспірім ұлдар және қыздар арасында Түркістан облысының ашық кубогының ашылу салтанаты өтті.
Арыс қаласында Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «ALTYNKÚZ – 2019» облыстық спорттық сайысы өтті. Шараға Түркістан облысы мен аудан және қалалардың ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген 400-ге жуық мемлекеттік қызметкер қатысты.
Түркістан облысында ауыр атлетика спортын насихаттау және дамытуға жағдай жасалып жатыр. Төлеби ауданында замануи үлгідегі спорт академиясы ашылды. Спорт кешенінде Қазақстанның ауыр атлетикадан құрама командасы жаттығады.
Мақтаарал ауданының экономика және қаржы бөлімі мен дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің ұйымдастыруымен ұлттық валюта – теңге күні қарсаңында ауданның мемлекеттік қызметкерлері арасында спорттың кіші футбол, үстел теннисі және бильярд түрінен спартакиада өтті.