Super User

Super User

Үндістандық компания Түркістан облысында құс шаруашылығына инвестиция салмақ ниетте

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Үндістанның «VENKY'S» компаниясының өкілдерімен кездесті. Үндістан нарығының 90 пайызға жуығын құс етімен қамтамасыз етіп отырған алпауыт компания Түркістан облысына инвестиция салуға ниетті. Кездесуде өңір басшысы облысымызда ауыл шаруашылығы саласын дамытуға толық мүмкінік бар екенін жеткізді.

Түркістан облысы: мемлекеттік қызметшілер жаңа жүйемен жалақы алатын болды

Елбасымыздың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы тиісті қадамдарды жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік қызметкерлерге жалақы факторлық-балдық шкала бойынша төленетін болады. Бұл ретте қызметкерлердің жауапкершілігі, дербестігі, тәжірибесі, арнайы білімі, жүктемесі секілді факторлар ескеріліп, жалақы тағайындалады. Бұл туралы таяуда Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев мәлім етті.

Түлкібас ауданының 90 жылдық мерейтойы өтті

Түлкібас ауданының 90 жылдығы аталып өтілді. Мерейтой аясында аудандағы М.Х.Дулати атындағы аудандық мәдениет үйінде «Тамыры терең, тарихы кемел – Түркібасы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Басқосуда алғашқы сөз кезегін алған облыс әкімі Ж.Түймебаев аудан тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады.

Алпауыт компаниялар Түркістанға бір-бір нысаннан салып беретін болды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізгені белгілі. Сол жиында Елбасы министрлер мен үкімет мүшелеріне, еліміздегі алпауыт компаниялардың басшыларына Түркістан қаласына бір-бір нысан салу жөнінде тапсырма берді.

Осы RSS каналға жазылу