Super User

Super User

Түркістан облысы: Арыстың минералды суына сұраныс артып келеді

Арыс қаласында денсаулыққа өте пайдалы минералды су көзі бар. Бүгінде осы табиғи байлықты елге қолжетімді ету үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. «Арыс минералды су» ЖШС бұрынғы ескі цехты жаңартып, құрылысын биыл аяқтады. Минаралды су шығаратың цехтың жалпы құны 250 млн. теңгені құраған. Жобаның қуаттылығына келсек, мұнда жылына 18 млн. литр су шығаруға болады.

Түркістанда өткен халықаралық инвестициялық форумға шет мемлекеттерден 250-ден аса делегат қатысқан

Түркістан қаласында «Көне Түркістан  – жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық инвестициялық жəне туристік форум өтті. Форумға Еуропа елдерінен, Түркия, Ресей, Оңтүстік Корея, Қытай, Сингапур, Иран,  Малайзия, Пәкістан, Өзбекстан т.б.  мемлекеттерден 250-ден астам делегат келіп қатысты.

Түркістанда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеты өтті

Таяуда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті мен Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен Түркістан қаласында «Адал ұрпақ» еріктілер клубтарының облыстық слеті өтті.

Түркістан облысы: Түлкібаста М.Тынышпаев пен Т.Рысқұловтың ескерткіші ашылды

Түркістан облысында Түлкібас ауданының 90 жылдығы аталып өтілді. Мерекелік шара Т.Рысқұлов ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Кейін Т.Рысқұлов ауылдық округіндегі Түлкібас темір жол станциясындағы қазақ халқының бір туар азаматтары М.Тынышбаев пен Т.Рысқұловтың жаңа ескерткішінің ашылу рәсімімен жалғасты. Ескерткіштің ашылуында аудан әкімі Н.Тұрашбеков, ғалым Д.Қамзабекұлы, дербес зейнеткер Ө.Қалықұлов сөз сөйлеп, қос тұлғаның атқарған еңбектері жайлы айтып өтті.

Осы RSS каналға жазылу