Шымкент: Қаратау ауданында инфрақұрылымды дамыту көрсеткіштері артып келеді

Қаратау ауданы — Шымкент қаласындағы ірі аудандардың бірі, оның жалпы аумағы 19 500 гектарды құрайды, ал халық саны 220 мыңға жуық. Аудан құрамында 18 елді мекен мен 595 көше бар, сондай-ақ 12 демалыс орны тұрғындарға қызмет көрсетеді. Аудан әкімдігі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, өзіне жүктелген 24 функцияны орындап келеді. Бұл туралы бүгін Қаратау ауданының әкімі Мүлкеманов Рахымберді Жанысбекұлы брифинг барысында баяндады.

Шымкентте Республика күніне орай жастар шеруі өтті

25 қазан – Республика күніне арналған маңызды іс-шаралардың бірі ретінде Шымкент қаласында «Тарих тағылымынан – тұғырлы тәуелсіздікке» атты жастар шеруі өтті. Шараны қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың "Жастар ресурстық орталығы" ұйымдастырды. Шерудің мақсаты – еліміздің тәуелсіздігін дәріптеу, жас ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттау және олардың патриоттық рухын көтеру болды.

Шымкент: Волейболдан мұғалімдер арасында дәстүрлі турнир өтуде

25 қазан - Республика күніне орай мектеп мұғалімдері арасында волейболдан Қаратау ауданы әкімінің кубогына арналған турнир өтуде. Бүгін жарыстың ашылу рәсімінде аудан әкімі Рақымберді Мүлкеманов көпшілікті мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Шымкенттік спортшылардың еншісінде 7 медаль бар

Бүгінгі таңда қазақ күресінің дәурені жүріп, ұлттық спортымыз төрге озып, әлем елдерінің алдында бой түзеді. Текті қазақ халқының атын төрткүл дүниеге танытып жүрген спортшыларымыз да аз емес. Соның ішінде белбеу күресі кең өріс алып келеді. Байрақты бәсекелерде асыл қасиетті бойына сіңірген балуандарымыз байрағымызды көкке желбіретіп, рухымызды асқақтатып, әнұранымызды шырқатуы – өз алдына үлкен жетістік.

Шымкентте Республика күніне орай төрт мәдениет үйі ашылды

Республика күні қарсаңында Қайнарбұлақ, Көкбұлақ, Базарқақпа, және Өтеміс тұрғын алаптарында төрт жаңа мәдениет үйі салтанатты түрде ашылды. Жергілікті тұрғындардың өтініштерін ескерген қала әкімі нысандар құрылысын қолға алуды тапсырған болатын.

Мегаполис басшысы жаңа нысандардың ашылуына қатысып, маңыздылығына тоқтала отырып, тұрғындарды алдағы мереке-Республика күнімен құттықтады.

- Мәдениет үйлері түрлі іс шаралар ұйымдастыратын, бос уақытты тиімді өткізуге мүмкіндік беретін орынға айналады.Мәдениет саласы - басым бағыттардың бірі. Мемлекет жаңа шығармашылық алаңдар құруды және дарынды жастарды қолдау жұмыстарын жалғастырады, - деді қала әкімі.

Сондай-ақ, мегаполис басшысы тұрғындарды оқуға, өнерге, спортқа және салауатты өмір салтын ұстануына, балаларды тәрбиелеуге көп көңіл бөлуге шақырды. 

- Балалардың гаджеттерге жұмсайтын уақытын шектеу және олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау өте маңызды. Олармен бірге кітап оқып, пікір бөліскеніміз - болашағымыз үшін игі қадам — деді ол.

Өз кезегінде шымкенттіктер мегаполис басшысына өзекті мәселелерді шешіп, мәдени нысандарды қолға алғаны үшін алғыс білдірді.

 

Шымкент: Еңбекші ауданында спорт алаңшалары мен гүлзарлар салу жұмыстары жалғасуда

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Еңбекші ауданының 2024 жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында аудан әкімі айтты. 

Шымкент: Еңбекші ауданы тұрғындарын сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету басты мақсат

Шымкент қаласының Еңбекші ауданы 22 800 гектар аумақты қамтып, 228 830 тұрғыны бар. Ауданда 18 тұрғын алап пен 11 шағынаудан орналасқан. Мұнда 728 көше мен өткел, 2 саябақ, 3 гүлзар, 283 көпқабатты және 37 061 жеке тұрғын үй бар. Бұл туралы бүгін Еңбекші ауданының әкімі Есілбек Досбол Күздікбайұлы баяндады.