Шымкентте неміс этномәдени бірлестігінің мүшелері мен жастардың басын қосқан шара өтті

Бүгін Шымкенттегі «Достық үйінде» қалалық неміс этномәдени бірлестігінің мүшелері мен «Ассамблея жастары» ұйымының белсенділері басқосып, жазушы, әдебиеттанушы, аударшамы, публицист Герольд Бельгердің 90 жылдығына орай, «Герольд Бельгердің әдеби мұрасы: Қазақстан және әлем әдебиетіне қосқан үлесі» тақырыбында «дөңгелек үстел» мәжілісін өткізді. 

Шымкентте сейсмикалық қауіпсіздік шаралары күшейтілуде

Шымкентте бір ғана сейсмикалық станция бар. Бірақ оның өзі күрделі жөндеуді талап етіп отыр. Құрылғылары ескіріп, ғимаратының тозығы жеткен. Бұл мәселе қалалық прокуратураның ұйымдастыруымен өткен Үйлестіру кеңесінің отырысында талқыланды. Сондай-ақ 7 балдық жер сілкіну қауіпі бар қаладағы тұрғын үйлердің сейсмикалық жағдайы айтылды.

Шымкентте «Нұртас Оңдасынов – тарих және тұлға» атты ғылым-практикалық конференция өтті

Бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен Нұртас Дәндібайұлы Оңдасыновтың 120 жылдығына арналған «Нұртас Оңдасынов – тарих және тұлға» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. 

Шымкент әкімі бір отбасын құтқарып қалған слесарды марапаттады

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков өзінің батылдығы мен жедел әрекетінің арқасында екі кішкентай баласы бар отбасының өмірін аман алып қалған қарапайым дәнекерлеуші  Ермахан Маңқараевты салтанатты түрде марапаттады. Қала әкімі  қайғылы оқиғаның алдын алған газ  қызметкерінің  қырағылығы  мен кәсібилігін атап өтіп, алғысын білдірді.

Шымкенттік оқушылар «Қыран елім-Қазақстан» атты флешмобқа қатысты

Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстан» атты патриоттық флешмоб өтті. Іс-шараны Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастырған. Жалпы, аумағындағы Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 300 оқушысы қатысқан жиында рухты әндер айтылды, домбырамен күй шертілді. 

Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттық форумы өтті

Қасиетті Отанға, туған жерге, өскен елге деген құрмет пен сүйіспеншілік оның рәміздеріне деген құрметтен басталды. Отанның өзі нақ осы Тудан, Елтаңба және Гимннен бастау алады. Рәміздерді жүрегіне басып, маңдайына тигізіп қадірлеу арқылы егемен елдің еңселі азаматтары, патриоттары қалыптасады.

Жерлесіміз Азия чемпионатында күміске қол жеткізді

Кикбоксингтен Камбоджа астанасы Пном-Пенде өткен Азия чемпионатында отандастарымыз 20 алтын, 11 күміс, 7 қола жүлде иеленіп, жалпы есепте топ жарды. Ел құрамасының қатарында шымкенттік спортшы Назерке Бектемір бар. 

Шымкент: Тәуелсіздік рәміздерін ұлықтаған байқау жеңімпаздары марапатталды

Республика күні қарсаңында Шымкент қаласында мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге арналған «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы ұйымдастырылды. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, жастар және қала тұрғындары қатысып, мемлекеттік рәміздер ұлықталды.

Форумның ашылуында қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек рәміздерге деген құрмет егемендіктің белгісі екенін атап өтті. Ол өз сөзінде: «Қасиетті Отанға, туған жерге деген құрмет пен сүйіспеншілік оның рәміздеріне деген құрметтен басталады. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін қасиетті нышандар. Оларды қадірлеу – біздің азаматтық борышымыз», – деді.

Шараны Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері басқармасы мен «Бәйтерек» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған. Мемлекеттік Әнұранмен басталған форумда мемлекеттік рәміздерге арналған көрме өткізілді. Қала әкімінің орынбасары мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын атап өтіп, олардың ел тарихының, мәдениетінің және руханиятының көрінісі екенін жеткізді.

Қоғамдық кеңестің төрағасы Бауыржан Алтеев те сөз сөйлеп, жастарға мемлекеттік рәміздердің қадір-қасиеті туралы ой қозғады. Ол: «Еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігінің символы – Республика күні баршамыз үшін маңызды. Әрбір қазақстандық Отанымыздың өркендеуі үшін өз үлесін қосуы керек. Бұл мерекеде жастардың патриоттық сезімдерінің артқаны көрініп тұр», – деп, патриоттық тәрбиенің маңызды екенін айтты.

Форум барысында мемлекеттік рәміздерге арналған шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары марапатталды. «Үздік іс-шара» номинациясы бойынша бас жүлдені - Төлеген Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы жеңіп алды. Мектеп оқушылары әлеуметтік желіде көп қаралым жинаған бейнеролик дайындап, жобаға зор үлес қосты.

Форумның соңында Шымкент опера және балет театры мен «Шымкент концерт» ұйымының өнерпаздары мерекелік концерт қойып, форумды ерекше көңіл-күймен аяқтады.

Республика күніне арналған бұл шара жастардың патриоттық сезімдерін нығайтып, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеуді мақсат етті.