Шалбарының қалтасына «гашиш» жасырған

Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, белгісіз ер адам көше бойында өзіне тиісіп, мазасын алып жатқанын айтқан.  Хабарламаны естіген бойда полиция қызметкерлері көрсетілген мекенжайға тез арада келіп жетті. Тәртіп сақшылары әйелге қысым көрсетуші ер адамның мас халде екендігінен күдіктеніп, оны полиция бөліміне жеткізді. Содан сот-сараптамалық нәтиже тағайындалып, аталған азаматтың есірткі затын қолданғаны белгілі болды.  Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекусорларымен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеуге алды. Сонымен қатар тінту барысында күдіктінің сол жақ қалтасынан есірткі затына ұқсас ұнтақтар табылды. Айғақ ретінде алынған затқа сот сараптама тағайындалып, нәтижесінде «гашиш»  есірткі заты екендігі белгілі болды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.  Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер сізде, есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға хабарласыңыз.

 

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

Өсімдік тектес зат табылды...

2022 жылдың 4 сәуірінде Шымкент қаласының қоғамдық тәртібін сақтау барысында Ұлттық ұланға қарасты 6506 әскери бөлімінің жауынгерлері "Шымкент Plaza" сауда орталығының алдында күдікті азаматты кездестіреді. Әскери жасақты көріп қобалжыған азаматтың әрекеті күмән тудырды. Тексеріс кезінде оның  қалтасынан сіріңке қорапшасынан салынған сұр-жасыл түсті, иісі жағымсыз өсімдік тектес зат табылады.

- Қызмет атқару бағыттарын тексеріп жүрген едік, кенет бір бөгде азамат көзге түсті. Ол бізді көргенде бірден бой тасалап, қалтасына бір затты салғандай болды. Сондықтан оны тексеруді жөн көрдік, - дейді әскери топ бастығы кіші сержант Абылай Тілеубергенов.

Аталмыш әрекет  бойынша тәртіп бұзушы Әл-Фараби ауданының полициялық бөліміне тапсырылып, сараптама жасалды. Сараптама нәтижесі тәркіленген заттың есірткі екенін анықтады. Ұсталған азаматтың үстінен Қылмыстық кодекстің 296-бабының 2 тармағына сай "Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау” бойынша қызметтік тексеріс тағайындалды.

 

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

Келестік азамат ауласына көкнәр еккен...

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов, Келес ауданының тұрғындары тарапынан келіп түскен ұсыныс-пікір, сауалдарына назар аударды. Осыған орай, облыстың бас полицейі Келес ауданында қоғамдық тәртіпті сақтап, қылмыстардың алдын алу мақсатында тыңғылықты тексеру жұмыстарын жүргізу үшін ПД-нің тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел топ құрды. 

Топ құрамындағы полицейлер шұғыл Келес ауданына іссапармен шықты. Полицейлер жан-жақты тексеру жүргізді. Нәтижесінде Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы аясында «көкнәр» есірткісін жойды.

Нақтырақ айтсақ, полицейлер Келес ауданында жергілікті тұрғынның бірі өз үйінде құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысатынын анықтады. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 300-бабымен "Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру" СДТБТ-ға тіркеді.

Осылайша тәртіп сақшылары жинақталған ақпарат көздеріне сүйене отырып, күдікті ретінде анықталған тұрғынның үйіне тінту жұмыстарын жүргізді. Жедел уәкілдер егде жастағы әйелдің ауласын тінту кезінде, өсіп тұрған қырыққабаттың жанына егілген, күтіп-бапталған есірткіге ұқсас өсімдікті тапты. Тәртіп сақшылары, айғақты зат ретінде күдіктіден 900-ге жуық түп өсімдікті тәркілеп, оларды сараптамаға жіберді.

Сараптама қорытындысымен алынған түптердің 7-еуі «көкнәр», ал қалғандары көкнәр өсімдігінің өскіндері болып шықты. Жергілікті тұрғынға қатысты заңсыз есірткі егіп-өсіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері заңсыз, құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді еккені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Егер де сіз осындай қылмыстар туралы қандай да бір ақпарат болса, бірден полицияға хабарласыңыз.

 

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

Сарыағаш: 915 000 теңге ақшасын алған алаяқ

Полицейлер шекарадан жұмысшылар шығарып беремін деп, ақша алған әйелді ұстады

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне Ордабасы ауданының тұрғыны арызданды. Ер адамның айтуынша танысы «Өзбекстан Республикасынан жұмысшылар шығарып беремін», - деп, жалпы 915 000 теңге ақшасын алған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

Осыдан соң полиция қызметкерлері күдіктіні ұстауға бағытталған жедел іс-шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде, осы қылмысқа қатысы бар күдікті ұсталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Анықталғандай күдікті медреседе жұмыс жасаған. Жәбірленуші медресеге жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету мақсатында жиі барып жүреді. Екеуі сол жерде танысып, бірнеше жылдар бойы араласқан. Содан жәбірленуші танысынан жұмысшылар қажет екендігін, танысы барын сұрайды. Күдікті әйел таныстарының барын, оған көмектесетіндігін айтып, ақшасын алады. Алайда берген уәде орындалмай 1 айдан аса уақыт өткен соң, жәбірленуші полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарды алаяқтарға алданбауға шақырады. Қандай танысыңыз болса да, қаржыға қатысты күмәнді қызмет ұсынатын адамдарға сенбеңіз. Егер де сіз, алаяқтық қылмысының куәсі болсаңыз, полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз.

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Облыста адалдық аясында дін өкілдері мен мемлекеттік қызметшілер арасында кездесу өтті

 

Түркістан облысында сыбайлас жемқорлықтан таза қоғамды қалыптастыру мақсатында дін өкілдерінің, қоғамдық даму және дін  басқармаларының қызметшілерінің, облысқа қарасты қала/аудандардың Жастар ресурстық орталығының басшылары мен қызметкерлерінің  қатысуымен келелі кездесу өтті.   

Рухани жиында қоғам өкілі, Заң ғылымдарының магистрі, Нұржахан Абуова сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің  туындау себебі мен салдарын жіті түсіндіріп, жиынға қатысушыларға Заңнамаға енгізілген өзгерістер мен жаңашылдықтарды хабардар етті.

Игі басқосуда асыл дінімізде пара алу мен пара берудің, делдал болу мен пара ұсынудың өтемі ауыр екендігі кең  баяндалып, адал ризықпен келген ас-тағамның маңыздылығы мен оңай олжаның берекесіздігі ортаға салынды.

Бүгінгі таңдағы аса күрделі мәселелердің бірі – жемқорлық. Жемқорлық мәселесі – мемлекеттің дамуына кері әсерін тигізіп отырған жағымсыз құбылыс. Бұл лауазымды тұлғаның басқа бір тұлғадан лауазымына қатысты көрсететін  қандай да бір қызмет түріне берілетін ақша немесе өзге игіліктерді алуы. Бұл жағдайда көрсетілген ақша мен игіліктерді әрдайым парақордың  жеке өзі алмайды, оларды көбіне оның жақын адамдарына немесе жасанды жалған ұйымдарға ұсынады.
Пара деп саналатын нәрселер: ақша, оның ішінде валюта, банк түбіртектері мен құнды қағаздар, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдар, автокөліктер, пәтерлер, саяжайлар мен қала сыртындағы үйлер, тұрмыстық техника мен аспаптар, өзге тауарлар,  жер учаскелері және  өзге жылжымайтын мүлік т.б. саналады.
Ислам шариғатында жемқорлықтың үкімі харам. Яғни, үзілді-кесілді тыйым салынған үлкен күнәлар қатарына жатады.
Бұл жөнінде Қасиетті Құран Кәрімде: «Олар өтірікке құлақ салушы, арам жеушілер. (Мұхаммед Ғ.С.) егер олар саған келсе, араларына үкім бер, немесе олардан жүз бұр. Егер олардан жүз бұрсаң да, олар саған ешбір зиян бере алмайды. Ал егер араларына үкім берсең, тура үкім бер. Шәксіз Алла турашыларды сүйеді»,-деген [1].
Және мына аятта Алла Тағала айтады: «Уа, мүміндер! Алла Тағаладан қорқыңдар. Әркім ертең үшін не жібергеніне қарасын. Алла Тағаладан қорқыңдар. Шәксіз Алла Тағала не істегендеріңді толық біледі. Сондай Алланы ұмытқан, Алла Тағала оларға өздерін ұмыттырған кісілер тәрізді болмаңдар. Міне солар бұзақылар» [2]. «Араларыңдағы малдарыңды бұзық жолмен жемеңдер. Сондай-ақ біле тұра адамдардың малынан бір бөлігін жеу үшін билерге апармаңдар» [3] деген.
Сондай-ақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Алла Тағала пара берген және параны алғанды лағынеттеді» [4]. 
Зұлымдық ету мақсатында пара беру ауыр қылмыс әрі күнә. Сонымен қатар түрлі істі бітіру мақсатында пара беруге де болмайды. Бірде Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Абдуллаһ ибн Рабаханы (Алла одан разы болсын) яһудилерге жібереді. Олар құрма бақтың салығын төлеуі тиіс еді. Сонда яһудилер Абдуллаһты (Алла одан разы болсын) параға жыққысы келіп, оған түрлі сыйлық ұсынады. Олардың бұл ісіне ол: «Сендердің параларың заңсыз. Сондықтан біз оны қабыл етпейміз», — деп жауап береді [5]. 
Жалпы, жемқорлыққа алып баратын пара тіленушілік  қоғамды бұзады. Пара жүрген жерде әділетсіздік әділ орнына қабылданып, тыйым салынған нәрсеге рұқсат етіледі және әділетсіз шешім шығарылады. Залымдар істі өз пайдасына шешу мүмкіндігіне қол жеткізеді.
Пара жүрген жерде жауапкершілік деген болмайды. Ислам параның қандай түріне болмасын тыйым салады. Тіпті сыйлық ретінде берілген параның өзі харам [6].
Ата-бабаларымыз «Аз болса да берекесін берсін», «Қанағат қарын тойғызар», — деп босқа айтпаған, харам мен күмәнді нәрселерден бойымызды аулақ ұстауға насихаттаған.
Демек, дүниеқорлыққа бой алдырып, діндегі тыйымдарды ескермеуге болмайды. Әрбір жанұяда береке болса, қоғамда береке болады. Ал жемқорлыққа қарсы күресті – әрбір жан өз отбасынан бастап, ұрпаққа дұрыс тәрбие беріп, сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабар – имандылықты ұстануы қажет,-деді имамдар.

Дін өкілдеріне халық арасында түсіндіру жұмыстарына бірлесіп шығуға, сондай-ақ жұма намаздарда жамағатқа жемқорлықтың зардаптарын уағыздармен жеткізу ұсынылды.

Шара соңында жиынға қатысушылар назарына қоғамдық санаға әсер ету құралы ретінде облыста орын алған сыбайлас жемқорлық  фактілері бойынша арнайы әзірленген бейнеролик көрсетілді.

 

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Шымкенттік полицейлер алименттен жалтарған жеті азаматтан берешегін өндірді

Бала өмірі – қашанда басты назарда. 2022 жыл – Мемлекет басшысымен «Балалар жылы» болып белгіленді. Осы орайда тәртіп сақшыларына артылған жүк те екі еселене түсті. Және олар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етуде.

Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының анықтау бөлімі жыл басынан бері ҚР ҚК-нің 139-бабымен балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындаудан жалтарып жүрген 7 қылмыстық істі сотқа жолдады. Аталған жайттар бойынша тергеп-тексеру барысында борышкерлердің алимент қарыздары толық өндірілді.

Мәселен, төрт балалы ана күйеуінің төлеуге мүмкіндігі бола тұра төрт жыл бойы алимент төлемей жүргенін айтып, сот орындаушыларына шағымданған. Борышкерге бірнеше рет ескерту хабарламасы берілген, сондай-ақ азамат түсініктеме жазып, іс қағаздармен танысып, төлеуге міндеттенген. Алайда, ешқандай төлем жүргізілмеген. Осы жайт бойынша жеке сот орындаушысы борышкерді қылмыстық жаупкершілікке тарту туралы қаулы жіберген. Нәтижесінде берешек толығымен қайтарылды.

«Бүгін 1-маусым «Балаларды қорғау күніне» орай барлық балаларды мерекемен құттықтаймын. Біз балалардың өміріне жауаптымыз. Әрбір бала – бақытты өмір сүруге құқылы. Сондықтан азаматтарға өз балаларыңыздың болашағы үшін алимент төлеуден жалтармай, Заң аясында белгіленген міндетті қаражатты төлеп отыруды сұраймыз. Балаларын күтіп бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтарып жүрген азаматтарға берешекті толық және уақыттылы төлеу маңызды, себебі ол баланың жарқын болашағына жол салады. Осы бағытта полиция тарапынан борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған жұмыс белсенді түрде жүргізілуде», – деді Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы анықтау бөлімінің бастығы полиция майоры Олжас Әлжанов.