ШЫМКЕНТТЕ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ АЗАМАТТАРДЫ ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРГЕ БЕЙІМДЕУГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ

Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдерінің ішінде алғашқы болып пробацияның толық жүйесін қабылдаған - ел. Елімізде түзету мекемелерінен шыққандарға әлеуметтік-құқықтық көмек беру ісі жолға қойылған. Осы орайда, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Пробация» әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсету орталығында «Жаңа өмір» жобасы аясында оқыту семинары өтті.

Мақсаты - жұмысқа орналастыру, емдеу, білім алуына жәрдемдесу, құжаттарын қайта қалпына келтіру, өзге де әлеуметтік-құқықтар мен психологиялық көмек беру.

«Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы филиалының басшысы заңгері Айжан Кесебай Өмірзаққызы, «Право» қоғамдық қорының медиаторы Байсерикова Динара , «Право» қоғамдық қорының психолог маманы Қарабек Нұргүл , М. Әуезов университетінің «Тарих және педагогика» факультеті «Психология және арнайы педагогика» кафедрасының магистр оқытушысы психолог маманы Алдиев Ахатбай қатысып, сала бағыттары бойынша пробация есебіндегі жастарға кеңес берді.

Пробация – адамдардың қайта қылмыстық құқық бұзушылыққа бармауы үшін мінез-құлқын түзеуге бағытталған қызмет түрі мен әлеуметтік-құқықтық сипаттағы шаралардың заңмен белгіленген жүйесі болып табылады.

Қазіргі таңда 35 жасқа дейін 765 азамат сотталғандар есебінде тұр. Оның ішінде – 97 жас жұмыссыз болса, жұмыспен қамтылғандар саны – 585. Сондай-ақ пробация жастары арасында мектептен кейінгі оқу орындарын аяқтамаған жастарда бар. Ал, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған – 71 жас бар.

Айта кетейік, жыл басынан бері Жастар ресурстық орталығының психологтары 160 жуық азаматқа психологиялық көмек көрсеткен.

Түркістан: орман және дала өрттерінің алдын алу жұмыстары пысықталды

Түркістан облысында орман және дала өрттеріне қарсы күресте әкімдіктер, жауапты басқарма мен табиғи парк ұжымдары және Төтенше жағдай департаменті бірлесе жұмыс атқарады. Өрттің алдын алу мәселесі талқыланған мәжілісте Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жауапты басшылардың есебін тыңдап, нақты тапсырмалар берді.

Ордабасы ауданында суға шомылу кезіндегі қайғылы оқиғалардың алдын алу бойынша рейд өткізілді

Ордабасы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және №8 ӨСБ қызметкерлері, Жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері, Жедел құтқару жасағы №3 құтқару бөлімшесімен бірігіп, рейдтік іс-шара өткізілді.

Түркістан облыстық ТЖД дауыл болатынын ескертеді!

Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті 2023 жылғы 9 маусым 21 сағат-10 маусым 21 сағат аралығында дауыл болатынын ескертеді. Сондай-ақ, 10 маусым күні Түркістан облысының тауларында найзағай, дауыл күтіледі деген болжам бар.

Түркістанда жазғы суға шомылу маусымы бойынша рейдтік үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

Түркістан қаласы ТЖБ, «Яссы», «Отырар», «Бірлік» тұрғын үй сектор мамандары және «Turkistan» халықаралық телеарнасымен бірлесіп, жазғы суға шомылу маусымы бойынша рейдтік үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Отырарда суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік және орман алқаптарын өрттен сақтау тақырыбында жиын өтті

Бүгін Отырар ауданық төтенше жағдайлар бөлімі ғимаратында «Суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары және орман алқаптарын тілсіз жаудан сақтау» мақсатында жиын өтті.

Түркістан: төтеншеліктер тұрғындарды суға шомылу ережелерін қатаң сақтауға шақырды

Түркістан облысында шомылу маусымы ресми түрде 1 маусымнан басталады. Осы ретте, облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында аудан, қала әкімдіктерімен және құзырлы органдармен бірлесіп, кешенді іс-шаралар өткізіліп жатыр. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Түркістан облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы подполковник Қанат Карабалаев айтты.