Сайрамдық төтеншеліктер өрт қауіпсіздігі мен суға шомылудағы қауіпсіздік ержелерін түсіндірді

Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Ақсукент ауылында орналасқан №93 Абылайхан атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары мен мектеп мұғалімдеріне «Суға шомылу маусымы бойынша», Күнделікті мектеп аумағындағы, тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі», «М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына оқуға шақыру» тақырыптарында ашық сабақтар, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Және мектеп оқушылары мен мұғалімдерге басқарма тарапынан жадынамалар таратылды.

Төлеби ауданы аумағындағы жазғы сауықтыру лагерлерінің өрт қауіпсіздік жағдайы басты назарда

Түркістан облысы, Төлеби ауданына қарасты кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен Төлеби ауданы аумағында орналасқан жеке меншік жазғы сауықтыру лагерлерінің өкілдерінің қатысуымен өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Түркістан облысы: шомылу маусымындағы сақтық шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Түркістан облысы, Келес ауданының орталығы Абай ауылында суға түсуге қауіпсіз, рұқсат етілген аумақтар жоқ. Сондықтан ерте көктемнен Абай ауылы аумағына суға шомылуға тыйым салынғаны туралы билборд және тақтайшалар орнатылып, су жағалауларындағы тұрғын үйлерге судағы қауіпсіздік туралы үнпарақтар таратылды.

Отырар ауданы: ата-аналар мен мұғалімдерге қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

Бекітілген кестеге сәйкес Отырар ауданында 26.05.2023 жылы өткізілген жиын барысында Отырар ауданы ТЖБ бастығы азаматтық қорғау майоры М.Кемелханов ата-аналар мен мұғалімдерге «Судағы қауіпсіздік», «Орман-тоғай, дала алқаптарындағы өрт қауіпсіздігі» және «Балалардың қауіпсіздігі және терезеден құлауы» тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жасап, ескертті.

Қазығұрттық төтеншеліктер оқушыларға түрлі жағдайлардағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді

Түркістан облысы Қазығұрт ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Қазығұрт ауданы Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің оқушыларымен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАРҒА ЖАТ АҒЫМНЫҢ КЕРІ ӘСЕРЛЕРІ АЙТЫЛДЫ

Жастарарасынданашақорлықтың, маскүнемдіктіңжәнеАИТВ/ЖИТС-тіңалдыналу, жастардыспортқабаулумақсатындаарнайысаламамандарыныңқатысуыменМ.ӨтебаеватындағыЖоғарыжаңатехнологияларколледжінде «Жатәрекеттерденсақтанайық» тақырыбындаашықтәрбиесағатыөткізілді.

Оған Шымкент қаласының полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков, Шымкент қаласының «ЖИТС-тің алдын алу және оған күрес жөніндегі орталығының» дәрігері Фатима Абдибаева, Шымкент қаласының ДСБ ШЖҚ «Психикалық денсаулық орталығының» дәрігер-наркологы Карлыгаш Корганбаева, М.Өтебаев атындағы Жоғары жаңа технологиялар колледжінің психологы Эльмира Исабай, колледж мейірбикесі Жамиля Набатова, өзге де колледж ұстаздары мен студенттері қатысты.

Тәрбие сағатының мақсаты – жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың, өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту, есірткі, ішімдік және темекінің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне тигізетін зардабы туралы түсіндіру болып табылады.

Ашық сабақ барысында студенттері жат әрекеттер туралы, олардың адамның өмірі мен денсаулығына қауіптілігі жөнінде нақты деректер келтірді. Шақырылған мамандар жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытында пайдалы істермен айналысуға шақырды.

Ал, «Жоғары колледж» бөлімінің топ тәлімгері Ұлжалғас Битемирова ашық сабақты «Адам баласының жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін біздің елде барлық жағдай жасалған. Өнердің, спорттың сан-сапалы түрімен айналысуға болады. Сондай-ақ, алкогольдік ішімдіксіз, есірткісіз, темекісіз әрі мазмұнды, әрі сәнді өмір сүруге болады. Алдамшы құмарлықтан бас тартып, өзін-өзі билей білу – адам бойындағы ізгі қасиет, үлкен парасаттылық!» деп қорытындылады.

ЕЛІМІЗДІҢ БАС ПОЛИЦЕЙІ ШЫМКЕНТТЕ

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қызметтік сапармен Шымкентке келді.

Еліміздің бас полицейі Марат Ахметжанов миллионнан астам халқы бар шырайлы шаһар тұрғындарымен есептік кездесу өткізді.

Мегаполистің орталығында орналасқан «Түркістан» сарайына министрмен кездесу үшін 1500-ге жуық адам жиналды.

Маңызы зор жиынға ІІМ Марат Мұратұлы төрағалық етіп, кездесуді халыққа есеп беруден бастады. Нақтырақ айтқанда, еліміздегі және Шымкенттегі криминогендік ахуалға тоқталып, осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстар мен қабылданған шаралар туралы ақпарат берді.

Сондай-ақ, қоғам арасында кең тараған : интернет-алаяқтық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, пәтер ұрлығы мен есірткі қылмысына қарсы қандай нәтижелі жұмыстар атқарылғаны және олардың жолын кесу бағытында әзірленіп жатқан жаңашылдықтар туралы сөз қозғады.

Баяндамадан кейін сөз кезегі қала тұрғындарының сауалдары мен ұсыныстарына берілді. Микрофон алдында кезекке тұрған азаматтардың кейбірі полиция қызметіне алғыс білдірсе, енді бірі жеке сұрақтарымен жүгінді.

Екі жарым сағатқа созылған есептік кездесуден соң ведомство басшысы өңір тілшілерімен брифинг өткізіп, әрі қарай 3 сағат бойы халықты жеке қабылдады.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов азаматтардың 140-тан астам сұрағына жауап берді. Оның ішінде, 18-і есептік кездесу кезінде, 42-і жеке қабылдау барысында , үшеуі электронды почтаға , қалғаны call орталық арқылы қойылған сауалдар болды.

Қызметтік сапар соңында, еліміздің бас полицейі Шымкент ҚПД-нің жеке құрамымен кездесу өткізіп, қызмет барысындағы кемшіліктер мен артықшылықтарды ашып айтты. Сондай-ақ, қызмет барысында жоғары нәтижелерге қол жеткізген Ұлттық ұлан, Қылмыстық-атқару жүйесі мен Полиция департаменті қызметкерлерін жеке өз бұйрығымен марапаттады. Содан соң, Жедел басқару орталығына келіп, қала тіршілігін бейнекамералар арқылы бақылады.