Шымкент басшысы бір қатар нысандардың жұмыс барысын бақылады

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті аралау барысында қаладағы бірқатар нысандарда болып, жұмыс барысын бақылады. Ең алдымен, “Шымкент Сити” шағынауданындағы жол құрылысын, А-2 автомобиль жолын қайта құру және Изенді көшесіндегі күрделі жөндеу жұмысын, сондай-ақ Жандосов көшесінің Сасбуқаев пен Адырбеков көшесі аралығында атқарылып жатқан жұмыстарын тексерді. 

Ордабасы ауданы: шағын кәсіп иелеріне жер берілмек

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев Шұбарсу ауылындағы шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері бойынша жергілікті кәсіпкерлермен кездесті. Бірқатар ұсыныс пікірлерін тыңдап, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауға арналған бағдарлама жобаларының барысын түсіндірді.

Ордабасы ауданы: инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен ауданда іске асырылуы жоспарланған инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық штабтың отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, тиісті сала және дербес бөлімдердің басшылары, инвестициялық жобалардың иелері қатысты.

Ордабасы ауданының әкімі ауыз су тарту жұмыстарының сапасымен танысты

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев бірқатар нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Алдымен Шұбарсу елді мекенінде болып, кезең-кезеңмен жүріп жатқан ауыз су тарту жұмыстарының сапасын бақылап көрді.

Ордабасы ауданында ағымдағы жылдың 5 айында өнеркәсіп саласында 14,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілген

Бүгін Ордабасы аудан әкімі Азат Оралбаев қоғамдық кеңес алдында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында жыл басынан атқарылып жатқан жұмыстар бойынша есеп берді. Ағымдағы жылдың 5 айдың қорытындысымен негізгі салаларда оң динамика қалыптасып, аудан облыс рейтингінде көш басында келеді.

Ордабасы ауданының әкімі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда әкімшілік кедергілерге жол бермеу керектігін айтты

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аудан аумағында жүзеге асырылуы жоспарланған жобаларды талқылау мақсатында инвестициялық штабтың отырысы өтті.  Аталған басқосуға «Turkistan Invest» ЖШС-нің өкілдері, тиісті салалық және дербес бөлімдердің басшылары, инвестициялық жобалардың иелері қатысты.

Ордабасы: аудан әкімі инвестициялық жоспар көрсеткіштерінің орындалуының нақты мерзімін бекітуді тапсырды

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтіп, күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, дербес бөлімдердің және мекемелердің басшылары қатысты.  Алғашқы болып баяндама жасаған аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Патима Ташимова индустриялық аймақтағы жобалар мен индикаторлық көрсеткіштердің 6 айдағы орындалуы туралы мәлімет берді.

Ордабасы ауданы: кәсіп бастаудың тиімді жолдары кеңінен түсіндірілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтыр Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Amanat» партиясы мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бірлескен «Қарызсыз қоғам» жобасына ерекше тоқталып, оның игілігін барша халық көруі керек деген болатын. Аталған жоба көп ұзамай өз тиімділігін көрсетіп, жалпыхалықтық бағдарламаға айналды. Бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде халықтың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған шаралар жүргізілуде.

Ордабасы ауданы: Қайнардағы балық шаруашылығының инвестициялық құны 150 млн теңгені құрайды

Бүгін Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев жұмыс сапарымен Бөржар ауылдық округінде болып, бірқатар шаруашылықтарда болды. Алдымен аудан әкімі «Сабыр»шаруа қожалығының бидай алқабын көрді.