5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Шымкенттік Айкерім Қуанышбекова «мангаладан» ел намысын қорғады
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасына енген спорт түрінің бірі - түрік халқының зияткерлік ойыны Мангала. Тоғызқұмалақ іспетті ойын қазақстандық спортшыларға тансық емес. Биылғы көшпенділер ойындарында мангаладан ел намысын ерлер арасында Азамат Қайдаров, Биғали Зкрияев қорғаса, әйелдер арасында Құндыз Есіркеп пен шымкенттік Айкерім Қуанышбекова қорғады. «Aq-qara.kz»-порталы шымкенттік спортшының осы жетістікке келген жолы аталмыш ойын жайлы материал ұсынады.