Түркістан: Тағы 5 адам коронавирустан жазылды

21 сәуірдегі ақпаратқа сәйкес, Түркістан облысында тағы 5 адам індеттен айығып, жалпы облыс бойынша жазылғандар саны 18-ге жетті.Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

21 сәуірдегі ақпаратқа сәйкес, Түркістан облысында тағы 5 адам індеттен айығып, жалпы облыс бойынша жазылғандар саны 18-ге жетті.Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Шымкент филиалымен бірге «Біз біргеміз!» акциясын өткізді.

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 2 сәуірдегі №896 «Әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру» туралы Жарлығына және Түркістан облысы әкімдігінің 13 сәуірдегі №93 «Түркістан облысының әскери міндеттілерін арнаулы жиындарға шақыру туралы» Қаулысына сәйкес, Ордабасы ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде есепте тұрған және денсаулық жағдайы бойынша жарамды деп танылған азаматтар іріктеліп,жұмысқа кірісті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі төтенше жағдайға байланысты әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру жөніндегі Жарлық шығарған болатын. Президенттің бұл бастамасын шымкенттік жастар да қолдап, ел үшін тер төгуге белдерін бекем буып отыр.
Шымкент қаласында коронавирус жұқтырған бір науқас көз жұмды. Ол 1962 жылы туған Түркістан облысы Қазғұрт ауданы Рабат ауылының тұрғыны.

Түркістан облысы полиция департаментінің жеке құрамы елдегі төтенше жағдай басталғалы қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшкен болатын. Тәртіп сақшылары тарапынан қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және төтенше жағдай режимін бұзуға жол бермеу бойынша бақылау күшейтілген.

Түркістан облысы Арыс қаласында ағымдағы жылдың 6 сәуірінен басталған қала аумағындағы жайылымдық жерлердегі шегіртке зиянкестерінің таралуының алдын алу мақсатында химиялық күрес шаралары жалғасуда.
Шымкент қаласы әкімдігінің мәліметі бойынша төтенше жағдай режимiне байланысты 125 588 қала тұрғынына 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы тағайындалған.

Түркістан облысы Түлкібас ауданында 16 мыңнан астам ағаш көшеті отырғызылды. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы бері Түркістан облысында қылмыс саны айтарлықтай төмендеген. Облыстық полиция департаментінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру және алдын алу іс-шараларының нәтижесінде ағымдағы жылдың 3 айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жасалған қылмыстар саны 18,2 %-ға азайған.