Түркістан: Жетісайлық шаруалар бір жерден жылына 2-3 рет өнім алу ісіне кірісті

Түркістан облысында еліміздегі төтенше жағдайға қарамастан егін егу науқаны бір сәтке де тоқтаған жоқ. Әсіресе оңтүстік аудан саналатын Жетісай ауданының диқандары бір жерге екінші дақыл егу ісіне кірісіп кетті.

Түркістан қаласы әкімінің аппарат басшысы әскери міндетке кірісті

 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес әскери міндеттілер арнаулы жиындарға шақырыла бастаған болатын. Осы мақсатта, Түркістан қаласы тұрғындарының қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау мақсатында 50 азамат арнайы әскери міндетіне кірісті. Әскерилер қатарында Түркістан қаласы әкімінің аппарат басшысы да бар.

Шымкентте коронавирустан көз жұмған науқас туберкулезбен ауырған

Шымкент қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмғаны хабарланған болатын. Науқас 1964 жылы дүниеге келген Түркістан облысы Мақтарал ауданы Атакент елді мекенінің тұрғыны. Бұл туралы Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекбауова Айгул Жақыпқызы мәлімдеді.

Шымкент: төлемдер біртіндеп банктік карталар арқылы жасала бастады

Қолма қол ақшадан бас тартқан жөн. Өйткені ақшадан COVID-19 кеселі жұғуы мүмкін. Ғалымдардың зерттеуінше, ақшада адам нанғысыз вирустар көп болатын көрінеді. Бұл қазіргідей қауіпті кезеңде «жығылғанға жұдырық» болып жүрмесіне кім кепіл? Ал, бүгінннен бастап, миллионды қаланың барлық сауда орындары, дүкендер мен базарлар төлемақыны картамен жүргізуді бастады. Бұған тұтынушылар мен кәсіпкерлер дайын ба?

Шымкент: жазасын өтеушілер маска тігуде

Шымкентте короновирустық инфекцияның белең алуына байланысты түзеу мекемелері де қатаң режимдік тәріпке көшті. Шымкент қаласы бойынша қылмысық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ИЧ-167/4 мекемесінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Шымкентте оқу процесіне дайындық барысы пысықталды

Шымкент қаласындағы мемлекеттік 147 және жекеменшік 25 орта білім беру ұйымы қашықтан оқыту жүйесіне дайын. Оқыту форматы екі бағытта жүргізіледі. Оның бірі «Дарын онлайн» тегін платформасы. Ал, екіншісі ғаламтор арқылы байланысуға мүмкіндігі жоқ оқушылар үшін телеарналар арқылы күнделікті сабақ оқи алады. «Ел Арна», «Балапан», сондай-ақ жергілікті «Оңтүстік» телеарнасы арқылы кесте бойынша сабақ өтетін болады.

Түркістан облысында әскерилер жасағына облыс әкімінің орынбасары қосылды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов пен Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшысы ерікті сарбаздар қатарында сапқа тұрды. Төтенше жағдайға байланысты әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру жөніндегі Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Түркістан облысында аумақтық әскер жасақталды. Негізгі мақсат - халықтың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау және қамтамасыз ету.

Түркістан: Арыста көктемгі егіс жұмыстары қыза түсті

Арыс қаласы Ақдала ауылдық округіндегі шаруалардың көктемгі егіс жұмыстары қызып тұр. Соның ішінде жылыжайлардан өнім алатындардың айы оңынан туып тұр,-деп хабарлайды Арыс қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.