Қолжетімді платформаларда онлайн сабақтар өткізуге қала оқушыларының 96,7% дайын. Оған қоса Kundelik және WhatsApp мессенджері арқылы кері байланыс орнатылып, электронды журнал жіберілетін болады.«Балапан» және «Еларна» телеарналар арқылы 7424 (3,3%) оқушы білім алады. Жергілікті арналар онлайн дәрістерді қайталап беретін болады. Бұдан бөлек, «College SmartNation» қашықтықтан оқыту платформасы – 28 колледж, ал «Portal» оқыту платформасы – 1 колледж студенттері дәріс алады. Атап айтсақ, білім алатын студенттер саны – 26 308. Оның ішінде Шымкент қаласынан – 16 311 (62,2 %), елдімекендерден – 9 997 (37,9%), практикада жүргендері – 2 836 және сырттай білім алатындар – 879» - дейді Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева. Елдегі төтенше жағдайға байланысты облыстық қоғамдық даму басқармасы мен «Ontustik» телеарнасы және адами әлеуетті дамыту басқармасы жаңа жобаны қолға алды.
Енді сәуір айының алтыншы жұлдызынан бастап Оңтүстік телеарнасында өңірдің ең үздік ұстаздары дәріс оқиды. Әр сабақтың уақыты 20-30 минутты қамтиды. Осы уақыт аралығында ұстаздар 2-3 тапсырманы түсіндіріп үлгереді. Сөйтіп күн сайын екі пәннің оқытушысы онлайн режиімде дәріс оқиды. «Ал 30 000-нан астам аз қамтылған отбасындағы оқушыларға компьютерлерді тегін орнатып беріп қана қоймай, екі айға интернет жүйесі де тегін пайдалануға жағдай жасалып жатыр. Осы уақытқа дейін 12000-компьютер таратылды. Әлі де 7000-нан астам оқушыға компьютерлер жетіспегендіктен, арнайы тапсырыспен сатып алу жоспарланды» - деді басқарма басшысы. Оқушылардың күнделікті жұмысы электронды журналға түседі. Осылайша ата-аналар ұл-қызының қалай білім алып жатқанын бақылап, бағасын да көре алады. Ал дене шынықтыру, еңбек сынды пәндер тек тек теория жүзінде өтеді. Айта кетейік, енді оқушылардың тиісті дәрежеде білім алуы тікелей ата-ана жауапкершілігіне де байланысты болып тұр. Баланың уақытын барынша тиімді пайдалану аса қажет.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»