Шымкент: сауда орталықтары жіті назарда

Қиын-қыстау кезеңде елді азық-түлікпен қамтып бағаны тұрақтандыру басты мақсат. Осы орайда Шымкент қаласы кәсіпкерлік басқармасының қызметкерлері ірі сауда орталықтарына арнайы мониторинг жүргізіп отыр. Сала мамандары бұл жолы қаладағы «Қазыбек» әмбебап базарына арнайы барды.

Шымкент: Әлеуметтік азық-түлік белгіленген бағамен сатылып жатыр

Елімізде төтенше жағдай жарияланған күннен бастап қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасымен бірінші кезекте азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселесі жіті бақылауға алынды. Бұл мақсатқа қажетті қаржы бөлінді. 

Түркістан: Қазығұрт ауданында егін егу жұмыстары қарқын алды

Көктемнің бір күні - жылға азық. Жыл жаңарып, күн жылыған тұста Қазығұрт ауданында егіс егу жұмыстары да қарқын ала бастады. Техникаларды дайындау, шаруашылық жұмыстарын қамдау - ауыл шаруашылығы саласы мамандарының көкейіндегі маңызды мәселе. Осыған байланысты ауданда көктемгі дала жұмыстарын өз кезегінде аяқтау жоспарлануда.

Ордабасы аудандық полиция бөлімінде дезинфекция жұмыстары күнделікті жасалып тұрады

Әлемді дүр сілкіндірген коронавирус індеті біздің елімізде де өршіп, таралуда. Аталмыш дертті жұқтырған адам саны күннен-күнге артып, халықты үрейлендіруде. Осыған сәйкес елімізде төтенше жағдай енгізіліп, оның ішінде киелі облыста да арнайы мамандар тарапынан шектеулер қолданылуда.

Түркістан: Отырарлық туристік полицейлер өңір тарихын жетік біледі

Түркістан облысында туристік полиция қызметі жұмыс атқаруда. Ел тарихы мен шет тілдерін жетік меңгерген сала қызметкерлдері облыс орталығындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен Отырар ауданындағы Арыстан баб мавзолейінде туристерге қызмет көрсетіп келеді. Жаңа құрылымның негізгі міндеті – өңірге келген саяхатшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Түркістан: Блок-постта тұрған полицейге бағынбай, күш көрсеткен тұрғын ұсталды

2020 жылғы 15 наурыздағы №285 ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу, алдын алу мақсатында Түркістан облысы бойынша блок-бекеттер орналастырылды. Аталған блок-бекеттерде полицейлер мен медицина қызметкерлері күшейтілген режимде тәулік бойы қызметтер атқаруда.

Шымкентте 1290 медицина қызметкеріне үстемақы төленді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне көмек көрсету туралы тапсырма берген болатын. Осыған орай бүгінде Шымкент қаласында 1290 медицицина қызметкеріне үстемақы төленді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр қалалық денсаулық сақтау басқармасында өткен брифингте мәлімдеді.