Шымкентте «Жүйріктер шықты желіге» онлайн-айтысы өтеді

Шымкентте «Жүйріктер шықты желіге» онлайн-айтысы сәуір айының әр сәрсенбісінде өтеді. Дүбірлі дода Шымкент қаласының 2200 жылдық, Әл-Фарабидың 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық, Алтын Орданың 750 жылдық, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдық, Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойларына арналады. 

Шымкент: Жауын мен қар салдарынан орын алған апатты жағдайлар қалпына келтірілді

Ауа райының қолайсыздығынан, яғни жауған жаңбыр мен сулы қардың салдарынан қала аумағында саябақтар, гүлзарлар және жергілікті аудан аумағындағы көпқабатты тұрғын үй аулалары мен ішкі орамдық көшелерде 1202 дана ағаш пен 14761 түп ағаш бұтақтары сынған. Оның ішінде орталық көшелерде 244 түп ағаш түбімен жұлынып кеткен. 

Түркістан: Сарыағаш жастарының бастамасымен «Мейірімді көршілер» акция-челленджі басталды

Елімізде орын алып жатқан төтенше жағдайға байланысты, көршілес тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз етіп, жәрдем беру мақсатында Сарыағаш аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «МЕЙІРІМДІ КӨРШІЛЕР» акция-челленджі бастау алды.

Түркістан: Өзбекстан азаматтары Сарыағаштық полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді

Әлемге тараған індетке байланысты әр азамат өз еліне, үйлеріне қарай ағыла бастады. Бұл әсіресе Өзбекстан Республикасымен шектесетін Сарыағаш ауданындағы Жібек-жолы кеден бекетінде карантинге байланысты Өзбекстан аумағына өту мақсатымен келген өзбекстандық азаматтардың легі көп.

Түркістан: Сарыағаш ауданының әкімі #Bizbizgemiz акциясына өз үлесін қосуда

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округіне қарасты Еңкес елді мекенінен COVID-2019 індетімен бір тұрғын тіркелуіне байланысты ауыл толығымен карантинге жабылып, блок-бекеттер тәулік бойы жұмыс істеуде. Жергілікті тұрғындар арасында үрей де жоқ емес. Осындай қиын жағдайда аудандағы тұрмысы төмен отбасылар да назардан тыс қалып жатқан жоқ.

Түркістан: «Мейірімді ауылдастар» челленджін келестіктер жалғастырды

Коронавирус инфекциясының кең таралуының алдын алу үшін ел аумағында төтенше жағдай жарияланып, көптеген салалар мен адамдардың жүріс-тұрыстарына шектеулер қойылды. Осыған орай, келестіктер аудан аумағында тұратын қарт кісілер мен тұрмысы төмен көп балалы отбасыларға азық-түлік, керек-жарақтарын алып беріп, көмек қолдарын созуда.

«Біз біргеміз» логотипімен Келестен Нұр-Сұлтанға қырыққабат өнімі жіберіледі

Түркістан облысы Келес ауданы Алпамыс батыр ауылдық округінің шаруалары бүгінде жергілікті климаттың ыңғайына келетін – қырыққабат өнімін егіп, жетілдіріп, «Біз біргеміз» логотипі аясыныда, еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласына жеткізуді мақсат тұтқан.