Түркістан: Түлкібаста еріктілер ел алғысына бөленуде

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты көптеген кәсіпорындар жабылып, жеке кәсіппен айналысатын біршама азаматтар табыссыз қалды. Осыны ескерген Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев дер кезінде үкіметке табыс көзісіз қалған тұрғындарға 42500 теңгеден әлеуметтік төлемді ұйымдастыруды тапсырған болатын.

Шәріпбек Жамалбек : Ел болып еңсереміз

Түркістан облыстық мәслихаттың депутаты, Түркістан облыстық «Азаматтық альянсы» қауымдастығының төрағасы Жамалбек Шәріпбек елімізде орын алған жағдайға байланысты елді бірлікке шақырып, үн қосты.

BIRGEMIZ: Түркістан қаласында 3 мыңға тарта тұрғынға 50 мың теңгеден берілді

Елімізде коронавирус індетінің алдын алу, тұрғындарды қолдау мақсатында құрылған «Birgemiz» республикалық қоғамдық қоры арқылы Қазақстандағы ең ірі 23 қаладағы аса мұқтаж 150 мыңнан астам көмекпен қамтылуда.

Түркістан облысынан тізімге енген Түркістан қаласында да тұрғындарға 50 мың теңге беріле бастады. «Birgemiz-Turkistan» өңірлік қоғамдық қорының төрағасы Мұхамедәлі Қорғанбековтың айтуынша, екі күннің ішінде Түркістан қаласы бойынша 2969 отбасының есепшотына 50 мың теңгеден аударылған. «Халықбанк» арқылы 2223, «Каспибанк» арқылы 746 тұрғынның карточкасына қаражат түскен. Бұл игі бастаманы республика бойынша жергілікті әкімдіктер мен партия филиалдары үйлестіріп жатыр. Банк басшылары да жанашырлық танытып, тұрғындардың есепшоттарын, банк карточкаларын реттеуге көмек көрсетті. Тағы бір айта кетерлігі, несие қарызына байланысты бұғатталған карточкалар да төтенше жағдайға байланысты босатылған. Тұрғындар қиын кезеңде көмек қолын созған Елбасына, «Nur Otan» партиясына ризашылықтарын білдіріп жатыр. Партияның нақты көмегін сезінген азаматтар партиялық бағдарламаларға да оң бағаларын беруде. Айта кетейік, елімізде «Birgemiz» қоғамдық қоры арқылы 7 категория бойынша көмек берілмек. Түркістан қаласында аз қамтылған 1326 көпбалалы отбасы мен 819 бірінші топ мүгедегі, мүгедек бала күтімімен отырған 1014 отбасы мен зейнетақысы төмен және аз қамтылған 1611 зейнеткер, 59 жетім бала мен 74 ҰОС мүгедегі мен оларға теңестірілгендер, тыл еңбеккерлері бар. Жалпы саны 4903 отбасы тізімге енгізілген

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 



 

Түркістан: Түлкібас ауданында 4 мың дана бетперде тегін таратылды

Бүгінде Түркістан облысы Түлкібас ауданында медициналық бетпердеден тапшылық жоқ. Өйткені жергілікті аудан тұрғындары ерікті түрде бетперде тігу ісін қолға алып, халыққа көмек қолын созуда,-деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Түркістан: «Мейірімді ауылдастар» челленджі аясында мұқтаж жандарға көмек көрсетілді

Коронавирус инфекциясының кең таралуының алдын алу үшін ел аумағында төтенше жағдай жарияланып, көптеген салалар мен адамдардың жүріс-тұрыстарына шектеулер қойылды. Осыған орай, түркістандықтар облыс аумағында тұратын қарт кісілер мен тұрмысы төмен көп балалы отбасыларға азық-түлік, керек-жарақтарын алып беріп, көмек қолдарын созуда.

Шымкентте екі күнде 7 жағдай тіркелді

Шымкент қаласында коронавирус жұқтыруға қатысты 8 сәуірде – 3, 9 сәуірде 4 жағдай тіркелді. Бұл науқастардың барлығы – вирус анықталған 48 жастағы әйел азамат пен 26 жастағы ер азаматтың тығыз байланыста болғандар. 

Түркістан: Жетісайда сүт өнімдерінің 15 түрін өндіретін кәсіпорын бар

Өткен жылы Түркістан облысы Жетісай ауданынан облыстық «Жобалық басқару кеңсесіне» ауыл шаруашылығы саласы бойынша жүзеге асырылуы жоспарланған 59 жоба ұсынылса, оның 20-сы өсімдік, 39-ы мал шаруашылығы саласы мен қайта өңдеу саласын дамытуға бағытталған. Жалпы құны 2 млрд теңгені құрайтын аталған жобалардың 20-сы кәсіпкерлердің өз қаржысы есебінен жүзеге асырылған.