Шымкент қаласының әкімі көтерме базарларды аралады

Бағаны негізсіз көтеріп, тазалықты сақтамаған базарлар жабылады.  Бұл туралы бүгін қала әкімі М.Әйтенов  көтерме базарларды аралау барысында мәлімдеді. Қала басшсы алдымен  «Жібек жолы» базарында болып, ондағы  саудагерлермен жүздесті.

Шымкенттегі ірі қоймаларда азық-түлік қоры 2-3 айға жетеді

Тауарларды тасымалдауда қиындық жоқ.  Бүгін қаладағы ірі қоймаларды аралап шыққан қала әкімі М. Әйтенов осылай деді. Бағаны тұрақтандыру үшін 2020 жылы қордан 1,9 миллиард теңге қарастырылған. Мұрат Дүйсенбекұлы қажет болған жағдайда тағы 800 миллион теңге бөлуге болатынын жеткізді. Тұрақтандыру қорының көлемі 2,2 миллиард теңгені құрайды. 

Шымкент: мамандар ТЖ режимінде зейнетақы мен жәрдемақы алу жолдарын түсіндірді

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингке Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов, «Қазпочта» АҚ филиалы директоры Б.Ысқақ, «Халық банкі» қалалық филиалы басшысының орынбасары А.Досымбекова қатысты. 

Шымкент: Рұқсат қағазы жоқ 6 мыңнан аса көлік кері қайтарылды

Шымкенттегі блок посттарда рұқсат қағазы жоқ 6 мыңнан аса көлік кері қайтарылды. Айта кетейік, шаһарда 4 сәуірден бастап карантин енгізіліп, қалаға кіріп-шығуға қатаң тыйым салынған болатын. Қазір Шымкенттегі 18 блок пост күндіз-түні дамылсыз жұмыс істеп тұр. 

ШЫМКЕНТ: Табысынан айырылған азаматтарға әлеуметтік төлем төленеді

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов пен жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанат Өтебаева айтты.

Шымкент: Әл-Фараби ауданының 90 пайыз аумағы залалсыздандырылды

Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданда орналасқан аймақтардың 90 пайызы залалсыздандырылды. Санитарлық-дезинфекциялық жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатар. Және атап өтерлік жайт, тазалық жұмыстары төтенше жағдай аяқталғанша жалғасатын болады. 

Шымкент қаласының Еңбекші ауданында 116 нысан жұмысын уақытша тоқтатты

Атапайтар болсақ, 28 мейрамхана, 3 сауда – ойын-сауық орталығы, 36 монша кешені, 13 бильярд, 18 интернет клубы және 18 букмекерлік кеңсе жабылды. Бұл туралы Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ілиясов ақпараттық-коммуникация орталығында өткен брифингте журналистерге мәлімдеді.

Шымкентте медициналық бетперде мен дезинфекция құралдарын заңсыз сатқандар анықталды

Шымкентте төтенше жағдай кезінде медициналық тауарларды (бетперде, антисептик, қолғап) заңсыз, рұқсат құжатынсыз сатқандарға шара қолданылып жатыр. Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті қалалық экономикалық тергеу департаментімен бірге заңсыз медициналық тауарларды сатуға қатысты 8 фактіні анықтады. Бұл туралы Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы хабарлады. 

Өңірлік штабтың кезекті отырысы өтті

Бүгін Шымкент қаласы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік штабтың отырысы өтті. Қала әкімі М.Әйтеновтің төрағалығымен өткен жиында қала аумағында қауіпсіздік шараларын күшейту, стратегиялық нысандардың дайындығын арттыру, мекеме қызметкерлері мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.