Түркістан облысы: Созақ ауданындағы индустриалды аймақта 5 жоба іске асырылуда
Созақ ауданына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Зұлфұхар Жолдасов жұмыс сапарымен келіп, инфрақұрылымдық нысандарды аралады. Сапар барысын көгалдандыруға қатысты атқарылған жұмыстан бастап, Шолаққорған-Түркістан бағытындағы «Жасыл белдеу» аймағында болды. Онда отырғызылған тал көшеттерінің өнімділігімен танысты.