СУ ҮНЕМДЕЙТІН ФЕРМЕРЛЕР ҮШІН СУҒА СУБСИДИЯЛАР МӨЛШЕРІ 85%-ҒА ДЕЙІН ҰЛҒАЙТЫЛДЫ
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі шаруаларды су үнемдеу технологияларын белсенді енгізуге шақырады. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, оларды қолдану, сондай-ақ күріш алқаптарын тегістеу шамамен 200 млн текше метр суды үнемдеп, оны Солтүстік Арал теңізіне жіберуге мүмкіндік берді. Бұл туралы ОКҚ алаңында ведомствоның ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева хабарлады.