Шымкент: Қаратау ауданында 350 көше жарықтандырылмақ
Шымкент қаласына қарасты Қаратау ауданы аумағында 2025 жылы жарықтандыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бұл жобаның аясында 15 елді мекендегі 350 көше жарықпен қамтамасыз етіледі. Жарықтандыру жұмыстарының басты мақсаты — тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру, ауданның эстетикалық келбетін жақсарту және тұрғындардың өмір сүру сапасын көтеру.