Шымкентте атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны азаюда

Жыл басынан бері Шымкентте  8 511 отбасының 44 342 мүшесіне атаулы әлеуметтік көмек  тағайындалды. Өткен жылмен салыстырғанда әлеуметтік көмек алушылардың саны 29,7 пайызға азайған. Мәселен, 2023 жылдың осы кезеңінде 12 108 отбасындағы 61 605 адам атаулы әлеуметтік көмек  алған.

Шымкентте цифрлық технологиялар саласында жаңа идеялар мен жобалар ұсынылды

Шымкент қаласында цифрландыру басқармасының ұйымдастыруымен «Цифрлық драйвер» атты форум өтті. Бұл шараға IT саласының жетекші компаниялары, сала мамандары мен сарапшылар қатысып, жақында ашылған «Shymkent Hub» ғимаратында өздерінің жаңа жобаларын таныстырды. Сонымен қатар, форумда Shymkent Hub мүмкіндіктері мен қалада IT саласын дамытудағы жұмыстар кеңінен талқыланды.

Шымкентте мүгедектігі бар 37970 тұрғынның қажеттілігі өтелді

 Қазір мемлекет тарапынан мүгедектігі бар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған көптеген шаралар қолға алынған. Әсіресе, олардың күнделікті өмірде қолайлы жағдайды сезінуі үшін қажетті құрылғылар мен жабдықтар маңызды рөл атқарады.

Шымкентте ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселесі қаралды

Бүгін Шымкент қаласында Ұлттық бала асырап алу агенттігінің ұйымдастыруымен «Баланың бақытты мекені – Отбасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты – Қазақстанда Кәсіби қабылдаушы отбасы институтын енгізу бойынша ақпарат беріп, қатысушылар арасында пікір алмасу болды. Қазіргі таңда бұл институтқа қатысты заң жобасы Мәжілістің жұмыс тобының қарауында.