Түркістан облысы: Арыс халқы ақсақалдарға алғыс айтты

Түркістан облыстық ақсақалдар алқасы мен этномәдени орталық өкілдері Арыстағы төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындармен кездесті. Арыс қаласына арнайы барған алқа мүшелері «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына 1 млн. 700 мың теңгеден астам қаржы аударды. Облыс әкімінің кеңесшісі Ұласбек Сәдібековтың қабылдауында болып, жүзеге асып жатқан жұмыстармен танысты. 

Түркістан шаһарында биыл 2613 пәтер беріледі

Арада небәрі бір жыл өтсе де, өңір қарқынды дамудың жолына түсіп, облыс орталығы болған Түркістан қаласы жаңа кейіпке еніп келеді. Мәселен, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін осы бір айдың көлемінде Үкімет тарапынан аса маңызды 5 қаулы қабылданды. Оның ең маңыздысы — «Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары». 

Түркістан облысы: Арыс қаласында 748 үйге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Арыстың бүгінгі жай-күйі туралы нақты ақпарат беру мақсатында Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек, ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі Ермиян Бятов, Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев журналистердің қатысуымен брифинг берді. 

Түркістан облысы: Арыста халыққа қызмет көрсету орталығы толық қарқынмен іске кірісті

Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Арыс қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығын іске қосты. Жарылыстан зардап шеккен ХҚО орналасқан ғимараттың іші-сырты аз уақыт ішінде қалпына келтіріліп, жұмыс орындары реттелді. 

Түркістан облысы: Арыс қаласында жергілікті басқару жүйесі жүзеге асып жатыр

Жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласын жөндеу жұмыстары басталды. Осы орайда беріліп жатқан көмектің ашық, уақтылы жеткізілуін қадағалау және елмен тығыз қарым-қатынас жасау үшін жергілікті тұрғындар арасынан бір белсендіден штаб жұмысына тартылуда. Яғниәрбір 10 үйге жергілікті бір белсенді тұрғын тағайындалып, жұмыстардың үйлестірілуін және көмектің жетуін бақылайды. Өздері де ерікті ретінде жұмыс істейді. 

Түркістан облысы: Арыстағы үйі жарамсыз болып қалған тұрғындарға 800 орындық уақытша лагерь дайындалды

Арыстағы төтенше жағдайдың салдарын жою, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде брифинг өтті. Жиында Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек, ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі Ермиян Биятов және облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев соңғы мәліметтерді жариялады.