Түркістан облысы: Жетісайдың кіреберісі көріктене түспек
Жетісай ауданына кіреберіс саналатын Ш. Ділдабеков ауыл округіне қарасты Сырабат елдімекенін кесіп өтетін көше бойына темір шарбақтар орнатыла бастады. Сондай-ақ, ондағы бұрылыстың екі жақ бетін қайта құрылымдау жұмыстары жалғасуда. Бұдан бөлек, Асықата кентінің шыға берісіндегі үлкен мазарат маңы жасыл шарбақтармен қоршалуда. Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев аталған нысандардағы құрылыс жұмыстарының барысымен арнайы танысып, тиісті сала басшыларына қосымша нақты тапсырмалар берді.