Шымкент тұрғындары әкімдіктің жұмысына шағымдана алады
«Біздің жұмысымызға шағым жасаңыз». Шымкент қаласының әкімдігі қала тұрғындарына осындай қызметтік бағалау жүйесін ұсынып отыр.
«Біздің жұмысымызға шағым жасаңыз». Шымкент қаласының әкімдігі қала тұрғындарына осындай қызметтік бағалау жүйесін ұсынып отыр.
Шымкентте 775,8 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылмақ. Бұл жерлерді осы уақытқа дейін ешкім қолданбаған.
Түркістан облысында автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 18 118,0 шақырымды құрайды. 2018 жылы жолдардың құрылыс жұмыстарына бюджеттен 26 332,5 млн. теңге қаралып, 437 нысан немесе 1 421,4 шақырым жолдар мен көшелер, 10 көпір құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылуда. Биыл оның 417 нысаны немесе 994,7 шақырым пайдалануға берілетін болады. Бұл туралы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрлан Байғұт Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында мәлімдеді.
Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен байқау Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру, Астананың 20 жылдығына арналып отыр. Байқаудың мақсаты- композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармаларын дәріптеу, халық арасында ән өнерін дамыту, қазақ әндерін орындаушылар арасынан жас талант иелерін анықтап кәсіби бағдар беру, жеке шығармашыл тұлғалардың қалыптасуына ықпал ету, әншілердің орындау шеберліктерін арттыра отырып оларға қолдау көрсету және отансүйгіштікке баулу, ұлттық рухта тәрбиелеу болып табылады.
Соңғы бір аптада Жетісай ауданында ағын су тапшылығы сезіле бастады. Қазіргі таңда көршілес Өзбекстан Республикасынан «Достық» каналына секундына небәрі 51,45 текше метр су жіберілуде. Бұдан бөлек, «МАШ» каналға Сырдария өзенінен машиналық насостық станция көмегімен секундына 27,50 текше метр ағын су тартылуда. Бұл көлем мақташылардың ағын суға деген сұранысын толық қанағаттандыра алмайды. Осы түйткілдің түйінін тарқату мақсатында Жетісай ауданының әкімдігі Қарағанды облысынан арнайы канал тазалағыш «Драглайн» жылжымалы техникасын алдыртып, «МАШ» канал ұлтанын тазарту жұмыстарын бастап жіберді.
Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай, Түркістан облысы тауарөндірушілерінің ауыл шаруашылығы өнімдері бас қала - Астанаға жөнелтілді. Тамыз айының 11-12 күндері ұйымдастырылатын жәрмеңкеде 35-тен астам ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 411 тонна.
Жыл соңына дейін «Түркістан-Бадам» және «Түркістан-Сарыағаш» жаңа теміржол бағыттары іске қосылады. Бұл шаруалар Шымкент қаласы республикалық статус алуына және Түркістан облысының құрылуына байланысты атқарылып отыр. Бұл туралы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрлан Байғұт Өңірлік коммуникациялар қазметінде өткен баспасөз жиында мәлімдеді. Оның сөзінше, жалпы облыста 2018 жылдың 6 айында 577,6 млн. жолаушы тасымалданған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,6%-ға жоғары.
Бәйдібек ауданында егіншілікпен айналысатын кооперативтердің 90 пайызы электронды картаға енгізіліп, мемлекеттік жеңілдіктерді алып жатыр. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Күмісбек Ахметовтың айтуынша, бұл бастама "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылған.
Түркістан қаласындағы жұмыртқа өндіру бағытында жұмысын жүргізіп жатқан «Яссы» құс фермасы екінші кезеңін іске қосты. Онда бельгиялық «Вали» фирмасының құрал-жабдықтары орнатылған. Бұдан бөлек, фермаға 30 мың дана голландиялық «Декалб» тұқымды шөжек әкелінді.
Бәйдібек ауданының орталығы Шаян ауылында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 55 гектар жер теліміне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы аяқталды. Аталған жер телімдері Шаян ауылдық округінде кезекте тұрған 326 тұрғынға беріледі. Бұл жер телімдерінде автожол, аяқ жол төселіп, суағарлар мен электр бағаналары және ауыз су жүйесі орнатылған. Яғни, тұрғындарға жағдай жасалған.