ТҮРКІ ӘЛЕМІН БІРІКТІРГЕН ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМ

«Түркология» журналы — Қазақстанда ғана емес, әлемде түркологиялық зерттеулерді жаңа деңгейге көтерген халықаралық ғылыми басылым. 2002 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде профессор Шәкір Ыбыраевтың бастамасымен жарық көрген бұл журнал түркология ғылымының жаңа дәуірін бастады. Кеңес дәуірінде түркологиялық зерттеулер Мәскеу мен Бакуде шоғырланған еді. Ал тәуелсіз Қазақстанда Түркістан қаласында осындай журналдың шығуы еліміздің ғылыми дамуы үшін маңызды қадам болды.

Баланың тағдырын ата-ананың мінезі белгілейді

Өткенде мынадай бір хабар интернет әлемін дүрліктіріп, көпшіліктің қызу талқысына айналған еді, іс былай болған екен: бір кластағы оқушылардың көбі бір реткі емтиханда 100 нөмір алып, өз ұлының тоқсан сегіз нөмір орындағанына бола анасы сар уайымға салынып, жабығу науқасына шалдығыпты. Хабарда тілімізге тиек болған ананың әр жолғы емтиханда ұлына қойатын өлшемі бастан- ақыр 100 нөмір болып келген, кей кездері шешесінің күткені болмай тоқсан сегіз нөмір алып қалса, байқұс баланы балағаттау мен жазалау күтіп тұратын еді.

Қаламыңның сиясы мәңгілікке мұра болып қалды!

Қазақ даласы. Сайын дала төсінде кімдер ат шалдырмады, кімдердің ізі қалмады десеңізші?! Дала төсінің тарихында ерлік пен есімін жазған жаужүрек батырлар да, төрт сөзбен түйін түйген данагөй шешендер де, шанағынан күмбірлетіп күй төккен дәулескер күйшілер де, жағын ашса жыр төгілген жаршылар да, халықты бір тудың астына жинаған хандар да өтті-ау бұл жалған дүниеден. Тарих сарайына көз жіберсек, халықты киелі топырағында аз да емес, көп те емес сияқты. Сол аздың бірідің де бірегейі Балтабай Қаратайұлы Нұржанов жайлы қалам тербеп көрейін...

Шымкенттегі көпқабатты үйлердің электр желісін жаңарту керек

Шымкентте көпқабатты 15 үйде газ баллонын тұтынып отырғандарға электр энергиясын пайдалану ұсынылып отыр. Алайда бұл үйлерде электр желісі тозғандықтан, қуаты жетпейді. Қазіргі мәселе желілерді жаңғырту болып тұр. Ол үшін мемелекеттік бағдарламаның тиімді шарттары бар. Мамандар электр желісін толықтай жаңғыртуға қажетті қаржы тетіктерін қарастырып, «мүлік иелері бірлестігін» құруға кеңес береді.

30 түрлі жұқпалы ауруға сынама алынды

Шымкентте егін және мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Жалпы егіс көлемінің 26,5 мың гектарына дақыл егіліп, 86,1 мың тонна өнім жиналады. Атап айтқанда: дәнді дақылдар – 10,9 мың га, малазықтық дақылдар – 9 мың га, көкөніс пен бақша – 3,1 мың га, майлы дақылдар – 3 мың га, картоп – 500 га егілді. Сонымен қатар 2024 жылы өнімділікті арттыру мақсатында егін шауашылығы саласын мемлекеттік қолдауға жергілікті бюджеттен 911 млн теңге қаржы қаралған.

Шымкент: Экономиканы дамытуға 536 млрд тенге инвестиция тартылған

Шымкентте ауылшаруашылық өнімдерінің түсімі 5,2% өсті. Сала мамандары оң өзгерісті өндірістік жылыжайда өсірілген қияр мен қызанақтың өнімділігімен байланыстырады. Биыл аймақта тамақ өнеркәсібін дамытып, азық-түлік қауіпсіздігін қамту үшін индустриялық кешен ашылды. Жалпы 2,7 трлн теңге болатын инвестициялық жобалар пулы жасақталып, кәсіпкерлікті одан әрі қолдау тетіктері қарастырылды.

Шымкент әкімі бірнеше нысандарды аралап, тексерді

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қаладағы бірқатар нысандарды аралады. Әкім Еңбекші ауданы, Сайрам көшесінің бойында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында салынып жатқан жаңа қоғамдық орын құру жұмысымен танысты. 

Шымкент: Қар тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Шымкентте қар тазалау жұмыстары ең алдымен, әлеуметтік маңызы бар нысандарға (аурухана, мектеп, балабақша, аяқ жолдар және т.б.) апаратын бағытта және қаладағы басты магистральді көшелерде жүргізіледі. Аяқ жолдарда көктайғақтың алдын алу мақсатында бес аудан бойынша 40-қа жуық шағын трактор іске қосылды. Ал, техника сыймайтын көшелер мен қиылыстарды коммуналдық қызметкерлер тазартып жатыр.

Ауа температурасы төмен және құрғақ қар түскен жағдайда қар алдымен күреледі. Содан кейін ғана инертті материалдар (құм, тұз) себіліп, артынша сыпыру жұмыстары орындалады. Ал, ылғалды қар жауса, бірінші кезекте инертті материалдар себіліп, кейін қар күреу жұмыстары жүргізіледі.

Әр техниканың жұмыс бағыты арнайы орнатылған GPS қондырғылары арқылы бақыланып, мұз қату қаупі бар аймақтарға жедел бригадалар жолданады. Тапсырмалардың орындалуын арнайы мониторинг тобы бақылап отыр.

Соңғы күндері ауа райының қолайсыздығына байланысты тазалау жұмыстарына мердігер мекемелердің барлық техникасы толық жұмылдырылды. Басты көшелерді бір емес бірнеше техника бірігіп тазалады.

Алайда, бір күн бойы қардың толассыз, мөлшерден көп жаууына байланысты, бір мезетте барлық көшені қардан тазарту қиындық тудырды. Қала тұрғындарынан бұл жағдайға түсіністікпен қарауын сұраймыз!

Жалпы қала аумағында қар тазалау жұмыстарына 189 арнайы техника мен 500 қызметкер жұмылдырылған. Қазіргі таңда барлық мамандар екі ауысыммен тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

Сауран ауданында этносаяси ахуал, патриотизм, азаматтық бірегейлік тақырыптарында кездесу өтті

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері мен өңір тұрғындары арасындағы кездесулері мен фокус-топтық зерттеу жұмыстары жалғасуда.