Түркістан облысы: Сауран ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі жоспар таныстырылды

Түркістан облысында барлық аудан, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде жоспар жасалып, ол облыс әкімі мен басқарма басшыларының алдында арнайы талқылаудан өтіп, бекітіледі. Кестеге сәйкес Сауран ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі жоспар таныстырылды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жоспардың кейбір жетілдіретін тұстарына тоқталып, аудан әкіміне жұмысты жүйелеуді тапсырды.

Түркістан облысы мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық байланыстар жоғары деңгейде дамып келеді

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ҚХР-дың Сычуань провинциясы, Мяньян қаласынан келген делегациямен кездесті. Кездесуде аймақ басшысы Қазақстан мен Қытай мемлекеттерінің достық қарым-қатынасы жайлы, оның ішінде Түркістан облысымен арадағы сауда-экономикалық байланыстардың жоғары деңгейде дамып келе жатқанына тоқталды.

Шымкент: Жас дзюдошылар сынға түсті

Шаһардағы “Металлург” стадионында дзюдодан жасөспірімдер арасында STROY CITY дәстүрлі турнирі өтуде. Тәуелсіздік күніне орайластырылған Шымкент қаласының ашық біріншілігіне 2011-2013, 2013-2014 жылы туған кіші жасөспірімдер, жалпы 400-ге жуық жас балуан қатысты.

Шымкент: Кәсіпкерлер құқығы қорғалуда

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Бизнесті қорғау бағытында атқарылған жұмыстар және бюджет саласындағы қылмыстарды аңықтау, тергеу нәтижелері туралы» тақырыбында  баспасөз конференциясы өтті. 

Ясауи музейі - түркі әлемінің тарихи қазынасы!

 

Қазақстан – бай мәдениеті мен терең тарихы арқылы ерекшеленетін мемлекет. Ел көлемінде бүгінде 250-ден астам мұражай халық игілігіне қызмет етіп келеді. Әр аймақтың, әр қаланың өзіндік ерекшелігі мен тарихи мұралары бар. Соның ішінде Түркістан қаласы – Түркі әлемінің рухани астанасы ретінде маңызды орынға ие.

Ғылыми басылымдар қызметі: білім-ғылымды біріктіру үлгісі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті — Қазақстан мен түркі әлемінің ғылыми-білім беру кеңістігінде ерекше орын алатын жоғары оқу орны. Университет тек білім беру саласында ғана емес, ғылыми-зерттеу қызметі бойынша да көш бастап келеді. Оның маңызды бағыттарының бірі — ғылыми басылымдарды шығару мен дамыту. Төменде ғылыми басылымдар жұмысының негізгі бағыттарына тоқтала кетуді жөн көріп отырмыз.

ТҮРКІ ӘЛЕМІН БІРІКТІРГЕН ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМ

«Түркология» журналы — Қазақстанда ғана емес, әлемде түркологиялық зерттеулерді жаңа деңгейге көтерген халықаралық ғылыми басылым. 2002 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде профессор Шәкір Ыбыраевтың бастамасымен жарық көрген бұл журнал түркология ғылымының жаңа дәуірін бастады. Кеңес дәуірінде түркологиялық зерттеулер Мәскеу мен Бакуде шоғырланған еді. Ал тәуелсіз Қазақстанда Түркістан қаласында осындай журналдың шығуы еліміздің ғылыми дамуы үшін маңызды қадам болды.

Баланың тағдырын ата-ананың мінезі белгілейді

Өткенде мынадай бір хабар интернет әлемін дүрліктіріп, көпшіліктің қызу талқысына айналған еді, іс былай болған екен: бір кластағы оқушылардың көбі бір реткі емтиханда 100 нөмір алып, өз ұлының тоқсан сегіз нөмір орындағанына бола анасы сар уайымға салынып, жабығу науқасына шалдығыпты. Хабарда тілімізге тиек болған ананың әр жолғы емтиханда ұлына қойатын өлшемі бастан- ақыр 100 нөмір болып келген, кей кездері шешесінің күткені болмай тоқсан сегіз нөмір алып қалса, байқұс баланы балағаттау мен жазалау күтіп тұратын еді.

Қаламыңның сиясы мәңгілікке мұра болып қалды!

Қазақ даласы. Сайын дала төсінде кімдер ат шалдырмады, кімдердің ізі қалмады десеңізші?! Дала төсінің тарихында ерлік пен есімін жазған жаужүрек батырлар да, төрт сөзбен түйін түйген данагөй шешендер де, шанағынан күмбірлетіп күй төккен дәулескер күйшілер де, жағын ашса жыр төгілген жаршылар да, халықты бір тудың астына жинаған хандар да өтті-ау бұл жалған дүниеден. Тарих сарайына көз жіберсек, халықты киелі топырағында аз да емес, көп те емес сияқты. Сол аздың бірідің де бірегейі Балтабай Қаратайұлы Нұржанов жайлы қалам тербеп көрейін...

Шымкенттегі көпқабатты үйлердің электр желісін жаңарту керек

Шымкентте көпқабатты 15 үйде газ баллонын тұтынып отырғандарға электр энергиясын пайдалану ұсынылып отыр. Алайда бұл үйлерде электр желісі тозғандықтан, қуаты жетпейді. Қазіргі мәселе желілерді жаңғырту болып тұр. Ол үшін мемелекеттік бағдарламаның тиімді шарттары бар. Мамандар электр желісін толықтай жаңғыртуға қажетті қаржы тетіктерін қарастырып, «мүлік иелері бірлестігін» құруға кеңес береді.