Super User

Super User

Мақтаарал: "Жолда қабылдау" акциясы!

Мақтаарал ауданы, Мырзакент кентінде орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығының алдында 2022 жылғы қыркүйек айының 09-ы күні Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция майоры Е.Надиров, бастықтың бірінші орынбасары полиция подполковнигі Қ.Сатыбалдиев және Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің бөлімше бастықтары Түркістан облысы Полиция департаментінің нұсқауына сәйкес "Жолда қабылдау" акциясы аясында тұрғындарды қабылдады.

Акцияның басты мақсаты – Азаматтардың құқықтық сауатын арттыру, жол қауіпсіздігі ережелерін сақтаудағы жауапкершілігін арттыру, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету,ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және халықтың үніне құлақ асу, олардың өзекті мәселесі, әр бір сұрағына нақты әрі толық жауап беру болып табылады!

Акция 2022 жылғы қыркүйектің 9-10-ы аралығында өткізіледі.

 

Мақтаарал: «Жолда қабылдау» акциясының екінші күні!

Бүгін халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, азаматтардың көкейіндегі сұрақтарына жауап беру, аудан тұрғындарының өзекті мәселелеріне назар аудару және т.б. құқықтық көмек көрсету мақсатында Мақтаарал ауданы, Мырзакент кентінің орталығында «Жолда қабылдау» акциясының екінші күні өткізілді.

Аудан тұрғындарымен кездесуде аудандық полиция бөлімінің бастығы, бастықтың орынбасарлары, әкімшілік полиция, көші-қон, жол патрульдік полициясы және жол қозғалысы қауіпсіздігі саласының қызметкерлері халықты жеке қабылдауда...!

Мақтаарал: Жол қауіпсіздігі бойынша кешкі рейдтік іс-шара!

Жарақаттанудың барлық түрлерінің ішінде адамдардың денсаулығы мен өміріне аса қауіпті жол-көлік жарақаттары болып табылады. Осы орайда Мақтаарал АПБ ЖПҚ қызметкерлері жол көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау мақсатында күнделікті күндіз - түні тынымсыз рейдтік іс-шаралар өткізеді!

Күнделікті жедел ақпар жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілеріне толы. Полиция қызметкерлерінің ескертулеріне қарамастан көптеген жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер белгіленген ережелерді елемейді.

Сондықтан құрметті Мақтаарал ауданының тұрғындары, жүргізушісі мырзалар, Сіздерден көлік басқару барысында жол ережелерін қатаң сақтап, жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймыз!

Назарларыңызға Мақтаарал АПБ ЖПҚ қызметкерлерінің жол қауіпсіздігі бойынша кешкі рейдтік іс-шарадан қысқаша бейне ролик ұсынамыз!

Мақтаарал: «Борышкер айыппұл өтеуді кейінге қалдырма» акциясы өтуде

Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ТО ПД-ның нұсқауына сәйкес, бұрын анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша аудандық соттың және полиция бөлімінің қаулыларымен салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру жұмысы деңгейін жақсарту мақсатында, әкімшілік полиция және жергілікті полиция қызметі бөлімшелерімен аудан аумағында күнделікті рейдттік тексеріс жұмыстарын жүргізуде. Белгіленген іс-шараларды жүзеге асыру бойынша аудандық полиция бөлімінде арнайы штаб құрылып, нақты атқарылатын жұмыстың жоспары әзірленіп, бұл тұрғыда қойылған тапсырмаларды барынша орындауға полиция бөлімінің жеке құрамы қызметкерлері жұмылдырылды.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 811 бабы 1-2 бөліктеріне сәйкес, анықталған құқық бұзушылық жасалған күннен бастап 7 (жеті) тәулік ішінде төленсе, өзіне салынған айыппұл мөлшерінің елу пайызы мөлшеріндегі айыппұлды төлейтіндігі көзделген.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 894-бабының 1-тармағына сәйкес, жауаптылыққа тартылған тұлғаның жалақысынан немесе өзгеде кірістерінен айыппұл соммасын мәжбүрлеу тәртібімен ұстап қалу үшін ол жұмыс істейтін не сыйақы, зейнетақы, стипендия алатын ұйымның әкімшілігіне салынған айыппұлдардың өз еркімен уақытылы төлеуден жалтарып жүрген тұлғаларға қатысты тиісті қаулылар жолданатындығын ескертеміз.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 894-бабының 3-тармағына сәйкес егер айыппұл салынған тұлға жұмыссыз болса немесе басқада себептер бойынша айыппұлды жалақысынан немесе өзгеде табыстарынан өндіріп алу мүмкін болмаса салынған айыппұлдың өз еркімен төлеу уақыттарының өтуіне байланысты Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес мәжбүрлеп өндіру үшін сот орындаушысына жіберіледі.

Құрметті аудан тұрғындары сіздерден заңда көрсетілген жеңілдіктерді пайдалана отырып айыппұлдарыңызды уақытылы төлеулеріңізді сұраймыз. Салынған әкімшілік айыппұлды уақтылы төлемеген жағдайда, жоғарыда көрсеткендей борышкер тұлғаға қатысты арналған іс мәжбүрлі түрде өндіріп орындау мақсатында аймақтық жеке сот орындаушыларына жіберілетінін ескертеміз!

 

Осы RSS каналға жазылу