Super User

Super User

Мақтаарал: Зорлық-зомбылықтың алдын алу акциясы

Отбасы ішіндегі зорлық-зомбылықтың алдын-алу бойынша үнпрақша таратылды.

Қазақстан Республикасындағы жалпы әлеуметтік және экономикалық ахуалдың қазіргі кездегі жағдайында отбасы ішіндегі зорлық-зомбылыққа қарсы іс-әрекет проблемасы өте өзекті. Ел үшін күрделі кезеңде келеңсіз үдерістердің дамуы тұрақсыздандыру құбылыстарына әкеледі, сол сияқты отбасына да келеңсіз әсерін тигізеді.

"Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің мамандары және "Жүректен жүректе" еріктілер тобы отбасындағы "зорлық-зомбылықтың" алдын алу мақсатында халық көп шоғырланған жерлерде үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.

Қазіргі заманғы отбасы көптеген қолайсыз, кейде тіпті криминогендік факторлардың аясында дағдарысты басынан кешіп отыр. Ер адам мен әйел арасындағы қарым-қатынастар заңды түрде бекітуді мұқтаж етеді. Ерлі-зайыптылар арасындағы өзара қарым-қатынастардың үйреншікті қалпы бұзылды: отбасы өз тұрақтылығынан айырылды, айырылысу ерекше фактіден қалыптыға айналды, ата-ананың ықпалы әлсіреді. Туыстар арасындағы даулар жиі қылмысты сипатта: ұрып-соғудан кісі өлтіруге дейін орын алуда.

Созақ: Рейдтік шара жүруде

ҚұрметтіСозақауданыныңтұрғындарыменқонақтары! ҚазақстанРеспубликасыІІМ-ніңнұсқаулығынасәйкес, ауданаумағындаазаматтардыңполицияқызметкерлерінедегенсенімдерінарттыруғажәнежол-көлікоқиғаларыныңалдыналуғабағытталғанқұқықтықтүсіндіружұмыстарынхалықарасындакеңіненнасихаттаумақсатында, ағымдағыжылытамызайының 19-21 күндеріаралығындажолжүрісіқауіпсіздігінқамтамасызетугебағытталғанрейдтікіс-шараларыжүргізілудесоныменқатаржолжүруқағидаларынқатаңсақтауға, масаңкүйдекөлікқұралынбасқармауға, қарсыбағытқашықпауларыңызды, бағдаршамныңқызылтүсінеөтпеулеріңізді, жылдамдықтыасырмауғажәнет.б. жолжүрісережелерінбұзбауларыңыздысұранамыз.

Созақ: «Абайлаңыз, балалар!» акциясы өтуде

Созақ ауданы полиция бөлімі қызметкерлері аудан көлемінде өтіп жатқан

"Абайлаңыз балалар " жедел профилактикалық іс-шарасын жүргізуде. Осыған орай Созақ ауданына қарасты білім беру орындарын жаңа оқу жылының басталуына орай оқушылардың

қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету үшін

барлық білім ұйымдарының алдында орналасқан жаяу жүргінші жолақтарын жаңартып, жасанды жол кедергілерін орналастыру бағытында қадағалау жұмыстары өз деңгейінде атқарылуда.

Созақ ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері аудан тұрғындарын жол қауіпсіздік

шараларын сақтап, мектепке баратын

балаларының қауіпсіздігін барынша сақтауға

шақырады.

Төлеби: «Жолда қабылдау» акциясы басталды

Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша салынған айыппұлды төлеу тәртібі, көлік құралдарын тіркеу, есептен шығару, жаңадан мемлекеттік нөмір алу, жүргізушілік куәліктерін алу, көлік құралдарын қайта жабдықтау, қаруды алу мен сақтауға рұқсат алу, жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша сауалдардың жиі қойылатыны ескеріліп, үстіміздегі жылдың 09 қыркүйекте «Жолда қабылдау» акциясы басталды.

Төлеби АПБ-нің басшылығы мен қызметкерлері азаматтарды қабылдау бөлмесінде аудан халқын мазалаған сұрақтары бойынша қабылдайды.

Акцияның алғашқы күні бөлім бастығының орынбасары полиция подполковнигі А.Жақыпбекұлы, ӘПБ бастығы полиция майоры А.Наштай тұрғындарды қабылдап, арыз-шағымдары мен өтініш-тілектерін тыңдап, құқықтық кеңес берді.

Акция 09-10 қыркүйек күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін өткізіледі.

 

 

Осы RSS каналға жазылу