Super User

Super User

"АТАМЕКЕН" ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНА 9 ЖЫЛ ТОЛУ КҮНІНЕ ОРАЙ, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Сайрам ауданында ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік саласы жақсы дамыған. Осы салада өнім сапасы мен көлемі жағынан көрсеткіштер жыл сайын артуда.

Қол жеткізіп отырған табыстарға Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының Сайрам аудандық филиалының қосып отырған өзіндік үлесі бар.

Бұл орайда, бүгін аудан әкімі Уласбек Садибеков аталған филиалдың басшысы мен ұжымын «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасына 9 жыл толу күнімен құттықтап, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

Филиал директоры Галымжан Байболов, қызметкерлері Кайрат Асылболатов және М.Омаров, жеке кәсіпкер Сикымбай Сагындыковтар белсенді еңбектері үшін грамота және алғыс хаттармен марапатталды.

Айта кетелік, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы

Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің өсуі мен әрі қарай дамуы үшін институционалдық негіздерді қалыптастыру, бизнестің және мемлекетпен кәсіпкерлер арасында сенімді диалог алаңын құру жолымен кәсіпкерлікті шоғырландыру, қорғау және тұрақты дамыту мақсатында құрылған.

Ауданда 2014 жылдан бастап облыстық Кәсіпкерлер палатасының Сайрам аудандық филиалы тіркеліп, қызметін атқаруда.

2014 жылдан 2015 жылға дейін өңірлік кәсіпкерлік палатасы ісін жаңадан бастаған және әрекеттегі кәсіпкерлерге тегін кеңес және сервистік заңгерлік, бухгалтерлік, статистикалық есептілікті тапсыру тағы да басқа рұқсаттама қызметтері көрсетілді.

2015 жылдан бастап аталған мекеме тарапынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген мемлекеттік бағдарламалар аясында 2 деңгейлі банк шағын МҚҰ-мен кәсіпкерлердің инвестициялық жобаларда сүйемелдеу қызметтері көрсетілді.

Атап айтқанда,

кәсіпкерлердің құқығын қорғау - 96 кәсіпкер;

кәсіпкерлерге қаржылай емес және мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңестер - 2700;

кәсіпкерлерге (несие алу) жобаларды сүйемелдеу бойынша - 980 жоба 3 000 000 000 жуық қаржыландырылып, 2500 жуық адам жұмыспен қамтылды;

тауар өндірушілерге сертификат алу - 100 жуық;

кәсіпкерлерге шет елдерден біліктілігін арттыру бойынша маман тарту;

өңірдегі төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге аудан әкімдігі мен кәсіпкерлерімен бірлесіп, гуманитарлық көмек көрсетілді.

 

2 тәулікте "Жолда қабылдау" акциясына Түркістан облысының 1000-нан астам тұрғыны келді

9-10 қыркүйек күндері аралығында Түркістан облысының аумағында "Жолда қабылдау" акциясы өтті. Іс-шарада Әкімшілік полиция басқармасы, жергілікті полиция қызметі мен полицияның басқа да құрылым салаларының қызметкерлері тұрғындарға кеңес беріп, құқықтық көмек көрсетті.

Акцияға келушілер, өздерінің полицияға қатысты мәселелерін, ұсыныс-пікірлерін алдын ала жазылусыз, әрбір аудан, қаладағы полиция бөлімдері мен басқармаларының жанынан ашылған азаматтарды қабылдау бөлмелерінде келіп жеткізді.

Атап айтсақ, азаматтарды қызықтыратын мәселелердің көпшілігі көлік құралдарын тіркеу, жүргізуші куәлігін алу, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол белгілерін ауыстыру және әкімшілік айыппұлдарды төлеу, көші-қон заңнамасын сақтау және т.б. болды.

Кейбір азаматтар өз шағымдары мен ұсыныстарын Түркістан облысы ПД-нің ресми парақшасы арқылы жеткізді. Яғни халыққа ыңғайлы болу үшін "Facebook" және "Instagram" әлеуметтік желілерінде "тікелей эфирлер" өткізіліп, онда пайдаланушылар өз сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

Жалпы "Жолда қабылдау" акциясына облыстың 1000-нан астам тұрғыны, сондай-ақ әлеуметтік желі қолданушылары белсенділік танытып, қатысты.

Түркістан облысының полицейлері "сервистік полиция моделін енгізу" мен "жұртқа жақын полиция қағидатын" қалыптастыруда мұндай іс-шаралардың берері мол дейді. Жолда қабылдау" акциясы алдағы уақытта да жалғасады.

Зейнетке шығарып беремін деп алаяқтық жасаған ер адам анықталды

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның танысы әкесін межелі жасқа толуына байланысты зейнеткерлікке шығарып беремін деп, әбден сеніміне кірген. Осылайша одан ақы ретінде 100 000 теңгеден астам ақша алған. Алайда не ақшасын қайтармай, не берген уәдесін орындамаған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

Хабарлама түскен бойда тәртіп сақшылары бірден іске кірісті. Олар алаяқтық қылмысын ашу үшін, қажетті жұмыстарды жүзеге асырды. Полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде қылмысқа қатысы бар ер адам анықталды. Ол жұмыссыз жүрген, жергілікті тұрғын болып шықты.

Анықталғандай, күдікті жігіт оңай олжалы болу мақсатында осындай әрекеткен барған. Ол алған ақшаны, бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы анықталып, іс-құжаттар Жетісай аудандық сотына жолданды.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға алаяқтыққа тап болмас үшін, күмәнді қызмет ұсынатындардан сақ болуды ескертеді. Егер де, сіз, алаяқтыққа тап болсаңыз немесе куәсі болсаңыз, бірден полицияға хабарласыңыз

870 түп есірткі мен пластмасс ыдыстарға салынған марихуана тәркіленді

"Қарасора-2022" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Ұлттық ұланының "Бүркіт" арнайы жасағы және Түркістан облысы ПД полицейлері бірлесіп, кезекті есірткі егістігін анықтады. Яғни жедел уәкілдер Отырар ауданы Босаға ауылы маңындағы алаңда әуежолы арқылы ұшу кезінде, егілген сора есірткісіне ұқсас өсімдіктер табылды.

Полицейлер тінту кезінде 850 түп өсіп тұрған, 20 түп шабылған өсімдік және 5 дана пластмасс ыдыстағы марихуанаға ұқсас есірткі затын тәркіледі.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігі "Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру" бойынша тіркелді. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Ол зерттеу қорытындысына сәйкес, жалпы салмағы 15 келіден асатын "кептірілген марихуана" болып шықты.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Қызылорда облысының екі тұрғынын анықтады, олардың біреуі бұрын сотты болған.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу сезіктілердің есірткі заттарын қандай мақсатта өсіргенін және сақтағанын анықтайды.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік барын ескертеді. Егер де, сіз,есірткі заттарын заңсыз сақтау немесе өткізу деректері туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға 102 телефоны бойынша хабарласыңыз.

Осы RSS каналға жазылу