Super User

Super User

«Заңды білместік жауапкершіліктен құтқармайды»

Түркістан облыстық Қоғамдық кеңестер және басқармалардың іс-шараларды өткізу кестесіне сәйкес, Түркістан облыстық Полиция департаменті мен Түркістан қалалық Полиция басқармасы құқық тәртібін жақсарту мақсатында іс-шара өткізді.

Шараға Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, тұрақты комиссияның төрағасы, «Ontustik Qazaqstan» газетінің бас редакторы А.Балажан, Түркістан облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі З.Чалданов, Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкері полиция капитаны Марат Омаров, Түркістан облысы ПД ЖПҚБ-ның жұмысын ұйымдастыру және қадағалау тобының инспекторы полиция капитаны Көкаршын Қанат, Түркістан облысы Полиция департаментіне бағынысты айдауыл взводының арнайы топ полицейі, полиция кіші сержанты Сулайман Пірметов, Кентау қалалық полиция бөлімі ЖҚП УПИ полиция аға лейтенанты Мақсат Абдрей қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты - "Заңды білместік жауапкершіліктен құтқармайды" тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Жиын кезінде тәртіп сақшылары арнайы мектептерге барып, оқушылармен жолда жүру қағидаларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оларға жалпы ережелер жайлы толық айтылып, жолда жүру өздерінің өмірлерін сақтайтындығын ескертіп өтті.

Полицейлер тұрғындарға қаланың үлкен көшелерінде, базар аумағында үлкен жолдардан жаяу жүргіншілер жолы арқылы өтуі ескертілді.

Мақтааралдық полицейлер базар сатушыларымен кездесті

 

Өрт – тілсіз жау. Қазіргі таңдағы қоғамдағы ең қауіпті құбылыс. Сондықтан оны болдырмаудың алдын алу барысында көптеген жұмыстар атқарылуда.

Осы тұрғыда Мақтаарал ауданы полиция бөлімі ЖПҚБ-нің учаскелік полиция инспекторлары жергілікті атқарушы органдарының өкілдерімен бірлесіп, өрттің алдын алу мақсатында арнайы шара ұйымдастырды. Яғни аудандағы базарлар мен сауда орындарындағы қылмыстардың алдын алу үшін арнайы базар иелері мен сатушылармен кездесіп, оларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында, полицейлер кәсіпкерлерге қауіпсіздік шаралары, тауар ұрлығының алдын алу және өрт қауіпсіздігін сақтау мәселесін талқылады. Өрт болған жағдайда қандай шаралар атқарылу керектігі жайлы да сөз қозғап, базар сатушыларының туындаған сауалдарына тұщымды жауап берді.

Облыс полицейлері тұрғындарға өрт сөндіру заттары - ретінде су, құм, көпіршіктер, ұнтақтар, өрт тудырмайтын газ тәріздес заттар қолданылатындығын ескертеді.

Түркістан: «Стоп-трафик» шарасы өтуде

Түркістан облысының полицейлері "Стоп-трафик" іс-шарасы кезінде притонды анықтады.

Ағымдағы жылдың 7-9 қыркүйек күндері аралығында Түркістан облысының аумағында ауқымды "Стоп-трафик" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Оның негізгі мақсаты - жедел жағдайды жақсарту бойынша шараларды жандандыру, жеке адамға қарсы қылмыстарды анықтау, жеңгетайлық пен адам саудасы деректерінің жолын кесу болып табылады.

Аталмыш "Стоп-трафик" жедел-профилактикалық шарасы аясында Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Сарыағаш АПБ-мен бірлесіп, жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды анықтады.

Нақтырақ айтсақ, жедел уәкілдер Сарыағаш қаласындағы үйлердің бірінде притон ұйымдастыруға күдікті жергілікті тұрғынды және жеңіл жүрісті қызды, оларды полиция бөліміне жеткізді. Айғақты зат ретінде ақша қаражаты алынды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 309-бабы 1-бөлігі "Притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық" бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарды адам саудасының, еңбек және құлдықтың құрбаны болмау туралы профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.

 

Түркістан облысында есірткілік масаң халде көлік басқарған жүргізушіге қатысты сот шешімі шықты

Шардара АПБ-ның полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында, күнделікті рейдтік-профилактикалық іс-шараларын жүргізуде. Осындай кезекті шара барысында полиция қызметкерлері Шардара ауданы көшелерінің бірінде жол ережесін бұзып келе жатқан «Lexus 470» маркалы автокөлікті тоқтатады.

Оны тексеру барысында жүргізушінің сөздері анық болмай, іс-әрекеті күдік тудырған. Полицейлер осы жайтты нақтылау үшін, көлік жүргізушісіне медициналық сараптама тағайындап, куәландырудың қорытындысында оның есірткілік масаң күйі анықталған.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша тіркеді. Осылайша жүргізушінің көлігі ақылы автотұраққа қойылды. Қазіргі таңда орын алған оқиғаға қатысты іс құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Шардара аудандық сотының шешімімен күдікті азамат ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Сонымен қатар 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру үкімі шықты.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Автокөлікке мас халде отырмаңыз, бұның соңы жазатайым оқиғалар мен өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Қашықтықты және маневр жасау ережелерін сақтау, жылдамдықты асырмау және қарсы жолаққа шықпау қажет. Жүргізушілер үнемі жол қауіпсіздігі ережесін орындаса, тәртіпке бағынса, өз өмірі мен жолаушылардың өмірін сақтайтынын естен шығармағаны жөн.

Осы RSS каналға жазылу