Super User

Super User

Түркістан облысында тұрғынның ұялы телефонын күштеп тартып алған күдікті ұсталды

Төлеби АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, оған аудан көшелерінің бірінде белгісіз азамат шабуыл жасап, құны 150 мың теңге тұратын "Самсунг" ұялы телефонын тартып алған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 191-бабы "Тонау" бойынша тіркелді. Оқиға орнына Төлеби АПБ полицейлері шықты.
Күдіктіні ұстау мақсатында, тәртіп сақшылары куәлардан жауап алып, басқа да қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Жедел шаралардың нәтижесінде тонау қылмысына қатысы бар күдікті «ізі суымай» қолға түсті. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Анықталғандай күдікті сол сәтте мас халде болған.
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айғақты зат ретінде ұялы телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Полиция қызметкерлері күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуды және ұялы телефондарды қараусыз қалдырмауды ұсынады. Егер, сіз, тонаудың немесе бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, 102 телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз.

Полицейлер Атырауға жұмысқа тұрғызып беремін деп алаяқтық жасаған тұрғынды ұстады

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, оны сырттай танысы «Атырау облысындағы мекеменің біріне жұмысшы ретінде тұрғызып беремін», - деп сендірген. Содан тұрғыннан 150 000 теңге ақшасын алған алаяқ, жоқ болған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.
Осыдан соң тәртіп сақшылары күдіктіні табуға бағытталған іс-шараларды атқарды. Нәтижесінде небәрі тәулік ішінде алаяқтық жайтына қатысы бар күдікті ер адам ұсталды. Анықталғандай, ол Атырау қаласындағы аталған мекемеде жұмыс жасайтын жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Бүгінде алаяқтық күннен-күнге белең алып бара жатыр. Адамдар кез келген сәтте алаяқтың құрбанына айналып кетуі мүмкін. Сондықтан Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға барынша қырағы болып, алаяқтарға алданбауға шақырады. Сондай-ақ кез-келген бейтаныс адамдарға сенім артудан абай болыңыздар. Және ақша беру, ақша алу сынды операциялар кезінде мұқият болуды ескертеді. ++

Сарыағаштық полицейлер пәтерден ақша ұрлаған ұрыны ұстады

Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын пәтер ұрлығы жөнінде шағым түсірді. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оның үйіне белгісіз біреу кіріп, жатын бөлмесінде тұрған 1 500 000 теңге ақшасы мен 600 АҚШ долларын ұрлап кеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша тіркелді.
Ұрлықты ашу мақсатында сарыағаштық тәжірибелі полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел уәкілдер қажетті іс-шаралар кешенін жүргізіп, жақын маңдағы аумақтарды аралап, куәлардан сұрастырды, сондай-ақ бейнебақылау камераларын тексерді. 3 күн бойы жан-жақты жинақталған мәліметтер мен табылған айғақты заттарды саралай келе, тәртіп сақшылары қылмысқа күдікті ретінде жергілікті тұрғынды ұстады.
Белгілі болғандай, үй ұрысы жәбірленушінің үйіне түнгі уақытта терезе арқылы кіріп, ақшаны жымқырып кеткен. Сондай-ақ күдікті өзгенің ақшасын бас пайдасына жаратып жіберген. Қазіргі уақытта күдікті жас жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болу және өз үйлерін қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Үйден аз уақытқа шықсаңыз да сыртқы есіктер мен терезелерді мықтап бекітіп жүріңіз.

Түркістан: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы жаңашылдықтар таныстырылды

Бүгін Түркістан облыстық Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының ұйымдастыруымен өткен мәжілісте 2022 - 2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы жеке құрам арасында таныстырылды.

Нұрдәулет Ильясұлы Тұжырымдамадағы ең басты жаңашылдық - ол негізсіз баюға жауапкершілік енгізілгенін, онда жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту, парасатты қоғам қалыптастыру, жемқорлықты азайту, жазаның бұлтартпастығын күшейту, азаматтық қоғамды тарту және тағы басқа маңызды мәселелер қамтылғанын атап өтіп, жемқорлық құқықбұзушылықтары мен қылмыстарына қатысты енгізілген жауапкершіліктің қатаңдатылғанын баяндады.

Кездесу соңында қызметтік міндеттерін орындау кезінде өз қызметін жеке бас пайдасына қолданып пара алып ұсталғандарға қатысты түсірілген бейнероликтер көрсетілді.

Осы RSS каналға жазылу