Super User

Super User

Түркістан: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті мамандары уақытша ұстау изоляторының ахуалымен танысты

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың тиімді құралдарының бірі - шенеуніктерді бас бостандығынан айыру орындарына апарып, парақорлық қылмысымен құрықталған азаматтардың тар қапастағы тіршілігімен таныстыру болып табылады.

 Осы мақсатта, Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бастамасымен және облыстық Полиция департаментінің бірлесіп ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор субъектілері жұмыскерлерін уақытша ұстау изоляторының ахуалымен таныстыру жұмыстары басталды.

 Темір тордың арғы жағындағы қатаң тәртіппен таныстыру жұмыстары, ең алдымен сыртқы талдау жұмыстарының нәтижесінің негізінде Жетісай, Мақтарал және Шардара ауданындағы ауылшаруашылық және ветеринариялық саласының жауапты мамандары арасында өтті.

Уақытша ұстау изоляторын таныстыру барысында Жетісай және Шардара аудандық полиция бөлімдеріне қарасты қамаудағыларды ұстау шарттарымен, төсек орынмен, медициналық бөлме, жуынатын бөлме, аула сынды орындармен жіті таныстырып шықты.

 Жемқорлық көріністеріне жол бермеуді мақсат еткен ұйымдастырушылар лауазымды тұлғаларды тура жолдан таймауға шақырып, қызмет бабын асыра пайдаланудың соңы ауыр жазаға әкеліп соғатынын ескертті.

 Мұздай қара құлып пен тікенді темір тордың арғы жағындағы өмірді өз көздерімен көрген лауазым иелері тар қапаста отырғандардың өкінішін жүрекпен сезіп, олардың қатесін қайталамауға ниетті екендіктерін жеткізді.

 Айта кетсек, Агенттіктің бастамасымен 2020 жылы Түркістан өңірінде қолға алынған бұл тәжірибе елімізде орын алған пандемия жағдайына байланысты уақытша тоқтатылып, ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап ел аумағында қайта қолданысқа енгізіліп отыр.

 

ADAL KOMEK: ЛАГЕРГЕ ҚАТЫСТЫ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРЕДІ

Облыста «Адам көмек» жобасы аясында облыстық білім басқармасының бөлім басшысы азаматтарды қабылдап, кеңес береді. Осы орайда, егер баланың жазғы демалысын ұйымдастыру, лагерге жолдама алу бойынша қандай да бір сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңыз болса, заңгер кеңесіне жүгінуге болады.

Облыс тұрғындары мен қонақтары үшін қажет...

Облыста «Адам көмек» жобасы іске қосылды. Соның аясында «Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Түркістан облысы бойынша жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мамандары азаматтарды қабылдайды.

Түркістан: Жол ережесін бұзған 500-ге тарта қоғамдық көлік жүргізушісі анықталды

Түркістан облысы ПД-нің қызметкерлері «Қауіпсіз жол» іс-шарасы барысында күшейтілген қызмет жүргізу түріне көшіп, рейдтік-профилактикалық іс-шаралар өткізуде. Аталмыш жедел-профилактикалық іс-шараның 16 тәулігінде облыс полицейлерімен 19223 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.

Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы «Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы» бойынша 3505 дерек, 593-бабымен «Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау» - 3836 жайт тіркеліп, әкімшілік хаттама түзілген.

82 жүргізуші масаң халде көлік құралын басқарғаны анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, заңды шешім қабылдау үшін жинақталған іс құжаттар сотқа жолданды.

708 жүргізуші жылдамдық режимін бұзса, 651 жүргізуші маневр жасау ережесін елемеген. Бағдаршамның тыйым салу белгісінен 177 жүргізуші өтіп кетсе, 45 көліктің жолдың қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу дерегі анықталды.

Тәртіп сақшылары көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдаланғаны үшін 1608 жүргізушіні, авариялық жағдай туғызғаны үшін 126 көлік тізгіндеушіні жауапқа тартты. Ал қоғамдық көлік жүргізушілері жасалған 483 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жүргізушілері жауапкершілікке тартылды. Айыптұраққа жалпы 600-ден астам көлік қойылды.

Осы RSS каналға жазылу