Super User

Super User

үйінде есірткі өсірген түркістандық ұсталды

«Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі затын өсірді деген күдікпен қала тұрғынын құрықтады.

Нақтырақ айтсақ, полицейлерге есірткі қылмысы бойынша шұғыл ақпарат түскен. Осының негізінде тәртіп сақшылары бірден іске кірісті. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция қызметкерлері күдіктінің үйін тексеру кезінде ауласынан 2 түп есірткіге ұқсас өсімдік табылып, тәркіленіп алынды. Айғақты зат ретінде алынған заттарға сараптама тағайындалды. Нәтижесінде оның «марихуана» есірткісі екені расталды. Күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға тыйым салынған заттарды қолдануға, сатуға, сақтауға болмайтынын, әр құқық бұзушылыққа заңға сәйкес шара көрілетінін ескертеді. Жалпы есірткі қолдану, бірінші кезекте сіздің денсаулығыңызға қауіпті екенін еске салып, салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береді.

Жүргізуші куәлігін жасап беремін деп…

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде хабарлап, шағым түсірді. Жәбірленуші азаматтың айтуынша, ол 2022 жылы қаңтар айында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жанында бейтаныс әйелмен танысады.

Содан әңгіме барысында танысқан әйел жүргізуші куәлігін тез арада істеп бере алатынын айтып, әбден сендіреді. Осыдан соң ер азамат бейтаныс әйелге 160 000 теңге береді. Алайда 2 ай ішінде бітеді деген жалған уәде 8 айға созылады. Жәбірленуші не ақшасын, не куәлікті ала алмағаннан кейін, полицейлерден көмек сұрайды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды.

Алаяқтық қылмысына байланысты полиция қызметкерлерінен тергеу тобы құрылып, істің ақ-қарасын ажыратуға кірісті. Нәтижесінде осы жайтқа қатысы бар бұрын сотты болған Қызылорда облысының тұрғыны ұсталды. Қазіргі таңда күдікті әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай, күдікті әйел жәбірленуші азаматтың сеніміне кіріп, аз уақыт ішінде жүргізуші куәлігін жасап беретінін айтқан. Содан соң ақшасын алып, бас пайдасына жаратып жіберген. Сондай-ақ ұсталған әйелдің бұған дейін де 1 азаматтан дәл осындай алаяқтықпен жүргізуші куәлігін жасап беретінін айтып ақша алғаны анықталды. Жалпы шығын көлемі 300 мың теңге.

Түркістан облысының полицейлері ескертеді, кез келген адамның күмәнді ұсынысын қабыл алмаңыздар. Оңай жолмен заңсыз қызмет ұсынамын деген адамның, алаяқ екені белгілі. Сондықтан, сақ болыңыз!

Түркістан облысының полицейлері базардан арба ұрлаған ер адамды ұстады

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, орталық базарда құны 80 мың теңге болатын арбасын белгісіз біреулер жымқырып кеткен. Аталған жайт қалалық Полиция басқармасына ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді.

Орын алған қылмысты ашып, күдіктіні ұстау мақсатында түркістандық полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары көрген-білгендерден жауап алып, бейнебақылау камераларын тексерді. Нәтижесінде күдіктінің ұрлық жасаған сәтіндегі бейнежазбасы анықталып, базар аумағына бекітілген учаскелік полиция инспекторларына бағыт берілді. Учаскелік инспекторлар тәулік ішінде күдікті ер адамды ұстады.

Анықталғандай, күдікті базарда қараусыз тұрған арбаны көріп, ұрлап, оқиға орнынан ізін суытқан. Содан соң-ақ арбаны темір өткізетін орынға сатып жіберген. Қазіргі таңда күдікті деп танылған ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері ескертеді, бағалы заттарыңызға барынша сақ болыңыздар. Егер, сіз, ұрлық қылмысының құрбаны не куәсі болсаңыз, тез арада полицияға хабарласыңыз.

Түркістан:полицияға мамандар қажет

 

  • Түркістан облысы ПД Түркістан қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі учаскелік полиция инспекторлары тобының учаскелік полиция инспекторы – 5 лауазым;

 

  • Түркістан облысы ПД Түркістан қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы– 5 лауазым;

 

  • Түркістан облысы ПД Түркістан қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы (туристерге қызмет көрсету жөніндегі) – 5 лауазым;

 

  • Түркістан облысы ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының (рота құқығында) инспекторы – 5 лауазым;

 

  • Түркістан облысы ПД Түркістан қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны арнайы техникамен байланыс тобының инженері - 1 лауазым;

 

Функционалдық міндеттері: учаскелік полиция инспекторы - азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауды, оларды кемсітушіліктің барлық түрлерінен, физикалық немесе психикалық зорлық-зомбылықтан, қорлаудан және дөрекі қарым-қатынастан қорғауды қамтамасыз етеді. Заңға мойынсынушылық және мінез-құлықты қалыптастырады. Кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылық жасауға тартуды анықтайды және жолын кеседі. Белгіленген тәртіппен лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдарды алады.

 

Функционалдық міндеттері: патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторлары - қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, өз жолдарында, лауазымдарында және аралас аумақтарда қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу, ашу және қылмыстан зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсету бойынша уақтылы шаралар қабылдайды.

Функционалдық міндеттері: Туристік полиция инспекторы - шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға ел аумағында болу ережелерін түсіндіруде кеңес береді. Туристік объект аумағында шетелдіктерге қатысты құқық бұзушылық анықталған жағдайда, туристік объект орналасқан жердегі ауданның ПБ-не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша материалдарды дайындайды және қарау және шешім қабылдау үшін жібереді. Туристік объектілердің әкімшілігімен өзара іс-қимыл жасайды. Туристік нысандарға келетін шетелдік туристер санының есебін жүргізеді. Туристік аймақтарды патрульдеуді жүзеге асырады және туристерге көмек көрсетеді. Жоғалған құжаттар мен өзге де заттарды қайтару немесе қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдауға жәрдем көрсетеді. Туристік объект аумағында шетелдік туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

 

Функционалдық міндеттері: жедел ден қою арнайы жасағы саптық бөлінісінің инспекторлары (рота құқығында) - қоғамдық-саяси, спорттық-бұқаралық, мәдени-бұқаралық, басқа да бұқаралық және күзет іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету, ІІМ Ұлттық ұланының әскери бөлімдерімен бірлесіп, неғұрлым криминогендік орындарды тексеру бойынша мақсатты рейдтер мен арнайы операциялар жүргізу көшелерде құқық тәртібін қорғау, қылмыстың, құқық бұзушылықтың өзге де түрлерін анықтау және жолын кесу мақсатында;

 

Функционалдық міндеттері: арнайы техникамен байланыс тобының инженерлері - күн сайын тікелей басшысына мониторинг нәтижелері туралы баяндайды, ақ бұзу фактілері анықталған кезде қызметтік жазба дайындайды. Пайдаланушылардың жұмыс станцияларында және телефон желілерінде техникалық қорғау құралдарын орнатуды жүзеге асырады. Оларды пайдалану ережелерінің сақталуын бақылайды, бұзылған жағдайда дереу тікелей басшыға баяндайды.

 

Үміткерлерге талап етіледі:

 

Құқық қорғау органдарының қатардағы және кiшi басшы құрам лауазымдарына – отыз бес жастан аспаған, 18 жасқа толған, біліктілік талаптарына байланысты кемінде орта білімi бар Қазақстан Республикасының азаматы және әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткен азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мақсаттағы бөліністері қызметкерлерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары

 

 

Категория

Лауазым атауы

Біліміне қойылатын талаптар

Кәсіби сипаттамаларға қойылатын талаптар (қызмет ерекшелігін көрсететін)

C-SVR-8

учаскелік полиция инспекторы

жоғары білім.

Құқықтану.

Құқық қорғау қызметі.

Халықаралық құқық. Бастапқы әскери дайындық, Мемлекеттік және жергілікті басқару.

Осы санат бойынша лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы", "азаматтық қорғау туралы", "Құқық қорғау қызметі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін", "Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін білу", Қазақстан Республикасының" Әкімшілік құқық бұзушылық туралы " кодексін, кәсіби қызметке байланысты басқа да нормативтік құқықтық актілерді білуі тиіс. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті тиісті дағдылар және басқа да міндетті білімдер.

C-SSP-8

Қызмет инспекторы

жоғары білім немесе орта буын мамандарын даярлауды қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім.

Құқықтану.

Құқық қорғау қызметі.

Халықаралық құқық.

Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану.

Көлік, көлік техникасы және технологиясы

Осы санат бойынша лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы", "азаматтық қорғау туралы", "Құқық қорғау қызметі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін", "Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін білу", Қазақстан Республикасының" Әкімшілік құқық бұзушылық туралы " кодексін, кәсіби қызметке байланысты басқа да нормативтік құқықтық актілерді білуі тиіс. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті тиісті дағдылар және басқа да міндетті білімдер. Жүргізуші куәлігі.

C-SN-8

Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы 

жоғары білім немесе орта буын мамандарын даярлауды қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім.

Құқықтану.

Халықаралық құқық.

Құқық қорғау қызметі.

Бастапқы әскери дайындық.

Дене шынықтыру және спорт.

Қарулы Күштер қатарында қызмет өткеру немесе Қазақстан Республикасының оқу орындары жанындағы әскери кафедра курстарын аяқтау.

Спорттық атақтардың, разрядтардың, жекпе-жек түрлері бойынша біліктіліктердің немесе практикалық ату бойынша куәліктердің болуы (қосалқы қызмет қызметкерлерін қоспағанда).

C-SSP-8

Инженер

жоғары білім немесе орта буын мамандарын даярлауды қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім.

Құқықтану.

Құқық қорғау қызметі.

Халықаралық құқық.

Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану.

Көлік, көлік техникасы және технологиясы

Осы санат бойынша лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы", "азаматтық қорғау туралы", "Құқық қорғау қызметі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін", "Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін білу", Қазақстан Республикасының" Әкімшілік құқық бұзушылық туралы " кодексін, кәсіби қызметке байланысты басқа да нормативтік құқықтық актілерді білуі тиіс. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті тиісті дағдылар және басқа да міндетті білімдер. Жүргізуші куәлігі.

 

Құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн ІІО-ның кадр қызметіне қолма-қол тәртіпте құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімдерінде қоса берілетін құжаттар тізбесін көрсете отырып, құжаттар тігетін мұқабатыста орналастырылған мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiшті;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнаманы;

      3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 1000 бұйрығымен бекітілген ІІО-ға қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12555 болып тіркелген) (бұдан әрі – Іріктеу қағидалары) сәйкес нысан бойынша кадр есебi бойынша толтырылған жеке iс парағын;

      4) Іріктеу қағидаларына сәйкес нысан бойынша өз қолымен жазылған және басылған түрде толық толтырылған өмірбаянды;

      5) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;

      6) еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (болған кезде);

      7) әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (қолда бар болса);

      8) кандидаттың соңғы жұмыс (оқу) орнынан немесе әскери қызметін өтеген әскери бөлімнен мінездемені;

      9) 3х4 см өлшемдегі төрт фотосуретті;

      10) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

      11) Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы №29 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16667 болып тіркелген) Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық арнайы есебін жүргізу және пайдалану қағидаларына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық бұзушылықты жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтаманы;

     12) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалаудан өткені туралы жарамды қорытындыны (не қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесін);

      13) біліміне, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтар беру туралы, спорттық жетістіктерін дәлелдейтін құжаттардың, мінездемелердің, ұсынымдардың, ғылыми жарияланымдардың және тағы басқаларының көшірмелерін) (болған кезде) тапсырады.

      14) екі данада өзіне және жұбайына кірістер мен мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы анықтамалар.

Құжаттар пакетін толық ұсынбау оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

 Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 
         Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін адамдар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей кадр қызметіне тіркеледі. Тіркелу үшін адам кадр қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады.

 

Жиналған құжаттарды Түркістан облысы Полиция департаментіне тапсыруы қажет. Мына мекен-жай бойынша: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Ерубаев көшесі, № 197Е.

Электрондық мекен жайы: http://ontustik.gov.kz/ru/pages/departament-vnutrennih-del-yuzhno-kazahstanskoy-oblasti. Индекс: 160012

Анықтама телефондары: 8-725-33-5-98-36, 5-85-88, Факс:  5-85-72

Осы RSS каналға жазылу