Super User

Super User

Түркістанда алаяқтықты азайту мақсатында түрлі іс-шаралар өтуде.

 

Ал орын алған қылмыс түрлерінің ішінде басым көпшілігі өзгенің атынан несие рәсімдеу, жұмысқа тұрғызуы бойынша уәде беру, түрлі мемлекеттік жәрдемақылар шығарып беру, әлеуметтік желі және т.б арқылы жасалуда. Бұл қылмыстың алдын алу бойынша түркістандық полицейлермен атқарылып жатқан кешенді іс-шаралар өз нәтижелерін бергенімен, әлі де алаяқтың арбауына түсіп, барынан айырылып қалғандардың салдарынан қылмыстың өсуі байқалады.
Алаяқтық қылмысын болдырмауда ең тиімді тәсіл, тұрғындарды алаяқтың құрбаны болудан сақтыққа шақыратын кең көлемді құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады. Мұны ескерген тәртіп сақшылары үнемі тұрғындармен профилактикалық жұмыстарды жүргізуде. Мәселен қала, ауданның полицейлерімен алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында ескерту шаралары туралы бейнероликтер дайындалып, күнделікті аймақтық жергілікті телеарналарда, әлеуметтік желілерде, қала орталықтарында орнатылған жарнамалық баннерлерде көрсетілуде. Азаматтарды күнделікті алаяқтық қылмыстарынан сақ болуға шақырып, тұрғындардың құқықтық санасын арттыруға бағытталған үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.
Одан бөлек 1000 дана жапсырма қағаз ілініп, 3000 дана жаднама таратылды. 5 үлкен баннерлерде алаяқтық қылмысы бойынша ескерту, қауіпсіздік шаралары көрсетілді. Жалпы учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік аумақтағы жергілікті халықпен тұрақты «Алаяқтың арбауына түспейік», «Пәтер мен жер телімін, сондай-ақ банктерден несие алу тәртібі» тақырыбында кездесіп, сұхбаттар өткізуде.
Сондықтан Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақ болуды, жақын таныс емес азаматтарға, яғни жұмысқа орналастырып беремін, несие болмаса басқа да әлеуметтік және материалдық көмектер алуға көмектесемін деушілерге сенбеңіздер деп кеңес береді. Егер, сіз, алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, тез арада полицияға хабарласыңыз.

Келестік көші-қон қызметінің полицейлері қарияның алғысына бөленді

Келес аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметіне 74 жастағы қарт Жетпісбай Айтенов уақытша тіркеу үшін өтініш білдірді. Ол Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына көшіп келіп, құжаттарын дайындап беруін сұраған.
Өтінішті алысымен көші-қон полицейлері бірден іске кірісіп, шұғыл түрде 3 айға уақытша тіркеді. Сонымен қатар қарияны тұрғылықты тіркеу үшін және Қазақстан Республикасы азаматтығын жеңілдетілген түрде қабылдау үшін құжаттарын қабылдап алды. Полиция қызметкерлерінің тез әрі жылдам жұмыстарына риза болған қария өзінің ыстық ықыласын білдірді:
«Қазақстанға көшіп келгеніме 8 күн болды. Осы уақыт аралығында полиция қызметкерлері менің құжаттануым үшін шапшаң әрекет етуде.Құжаттарымды қабылдап алып, дайындауға кірісіп кетті. Сондықтан рақметімді айтам. Жұмыстарыңыз алға баса берсін!» - деді.
Құрметті облысымыздың тұрғындары! Өздеріңіздің құқықтық мәртебелеріңізді айқындау бойынша сұрақ туындаған жағдайда, тұрғылықты мекен жайыңыз бойынша көші-қон қызметіне жүгінуіңізге болады!

Созақ: Полицейлер 2 жыл іздеуде жүрген күдіктіні тапты

Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, тұрғын үйінің ауласына белгісіз біреу кіріп, қорасынан темір кесетін құрылғыны ұрлап кеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Қылмысты ашу үшін полицейлер қажетті шараларды жүзеге асырды. Іздеу жұмыстары еш тоқтамастан бірнеше жылға жалғасты. Яғни бой тасалап жүрген күдіктіні табу жұмыстары бір сәтке үзілмеді.

Соның нәтижесінде Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 2 жыл бойы іздеуде жүрген, күдікті ер адамды Қарағанды қаласынан тауып, қамауға алды. Оның бұған дейін де бірнеше рет ұрлық жасап, ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотты болғандығы белгілі болды.

Тексеру кезінде полицейлер ер адамның осы уақытқа дейін Қарағандыда жалдамалы жұмысшы болып жұмыс істегендігін анықтады.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға кез келген қылмыстың өтеуі – жаза екендігін ескертеді. Егер де, сіз, ұрлық қылмысының құрбаны немесе куәсі болсаңыз, бірден полицияға хабарласыңыз.

Қазығұрт: Полицейлер өзімен бірге марихуана есірткісін алып жүрген ер адамды ұстады

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткімен күресу шараларын тұрақты жүргізіп, күн тәртібінен түсірген емес. Мәселен, полицейлер «Қарасора-2022» іс-шарасы кезінде жергілікті тұрғынның өзімен бірге есірткі затын алып жүргенін анықтады.

Тәртіп сақшылары ер адамды тексеру кезінде, ол өз еркімен полиэтилен пакетке оралған 1 бума есірткіге ұқсас затты ұсынды. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеуге алды. Полицейлер алынған затқа сараптама тағайындап, нәтижесінде оның «марихуана» есірткісі екендігі дәлелденді. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер, сізде, есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға хабарласыңыз.

Осы RSS каналға жазылу