Шымкенттік таеквондошылар Ташкентте жақсы өнер көрсетті

Өзбекстанда жастар мен ересектер арасында  таеквондодан 2024 жылғы Әлем Кубогы аяқталды. Турнирге Ресей, Греция, Корея, Өзбекстан, Болгария, Қазақстан, Молдова, Англия және Шотландия сияқты 20 елден 1200 спортшы жиналды.

Шымкентте мүгедектігі бар 37970 тұрғынның қажеттілігі өтелді

 Қазір мемлекет тарапынан мүгедектігі бар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған көптеген шаралар қолға алынған. Әсіресе, олардың күнделікті өмірде қолайлы жағдайды сезінуі үшін қажетті құрылғылар мен жабдықтар маңызды рөл атқарады.

Шымкент: Мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі түсіндірілді

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін нышандарының бірі. Олар мемлекет имиджінің ажырамас бөлігін құрайды, азаматтардың патриотизмін білдіреді.Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері тек мемлекеттік құрылымдар немесе хаттамалық іс-шаралар шеңберінде ғана емес, барлық жерде дәріптелуі керек.

Шымкент: АПВ қарсы қыздарды жаппай вакцинациялау басталды

Қазан айының басынан бастап Қазақстанда жатыр мойны обырының негізгі себебі болып саналатын адам папилломавирусына (АПВ) қарсы қыздарды жаппай вакцинациялау басталған еді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта ел бойынша 57 мыңнан астам қыз бала АПВ-ға қарсы вакцина алған.

Шымкент пен Ұлыбритани арасындағы жаңа инвестициялық әріптестікке жол ашылды

"Жалпы, отандық бизнеске және шетел инвесторларына жол ашу – Үкімет пен барлық мемлекеттік органның міндеті. Ал олардың, яғни бизнестің және инвесторлардың заңды қызметіне кедергі жасау аса ауыр құқық бұзушылық деп саналуға тиіс. Демек ондай әрекетке жол бергендер тиісті жазасын алады. Мен бұл туралы үнемі айтып жүрмін. Ал кәсіпкерлер мен инвесторлар өз жұмысын адал жүргізіп, заңды сақтап, салық төлеуден жалтармауы керек".  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында осылай деген еді.