Түркістан: Жетісайда сүт өнімдерінің 15 түрін өндіретін кәсіпорын бар

Өткен жылы Түркістан облысы Жетісай ауданынан облыстық «Жобалық басқару кеңсесіне» ауыл шаруашылығы саласы бойынша жүзеге асырылуы жоспарланған 59 жоба ұсынылса, оның 20-сы өсімдік, 39-ы мал шаруашылығы саласы мен қайта өңдеу саласын дамытуға бағытталған. Жалпы құны 2 млрд теңгені құрайтын аталған жобалардың 20-сы кәсіпкерлердің өз қаржысы есебінен жүзеге асырылған.

Шымкентте қардың зардаптары реттеліп жатыр

2020 жылғы сәуірдің 8-інен 9-на қараған уақытта жауған қардың салдарынан Шымкент қаласы аумағында көптеген ағаш құлап, электр желілері үзілді. Сегіз мыңға жуық абонент электр жарығынсыз қалды. 

Түркістан: «Біз біргеміз» акциясы аясында жеке кәсіпкер 260 отбасыға көмек берді

Түркістан облысында "Біз біргеміз" акциясы жалғасын табуда. Бұл жолы акция аясында Мақтаарал ауданындағы "Хамро ата" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрағасы, жеке кәсіпкер Абудхашим Боев 60 отбасыға азық-түлік пен гигиеналық заттарды үлестіріп берді.

Шымкент: Қаладағы емханалардан өрт қауіпсіздігін сақтау талап етіледі

Қажеттілікке байланысты жұмысын тоқтатпайтын емханалардың бүгінгі жай-күйі қандай? Олар өрт талаптарын қаншалықты орындап жүр? Осы мәселеге қатысты Еңбекші аудандық төтенше жағдайлар басқармасының мамандары №7 емханаға арнайы барып қайтты. 

Шымкентте қаржы ұйымдарының қауіпсіздігіне көңіл бөлініп жатыр

Коронавирус қауіпін көп тудыратын орынның бірі – қаржы ұйымдары. Күніне мыңдаған адамға қызмет көрсететін қаладағы екінші деңгейлі банктерде келім-кетім көп. Төтенше жағдайға байланысты бұл нысандарда санитарлық жұмыстарға аса мән берілуде. 

Шымкент: Қар салдарынан зардап шеккендер мен адам шығыны тіркелген жоқ

Кешегі қарқынды жауған қардың әсерінен қала көшелерінде келеңсіздіктер пайда болды. Ағаштар құлап, автокөліктерге зиян келтірсе, кейбір аймақтарда электр қуаты істен шықты. Бірақ зардап шеккен адамдар жоқ.